InstaNewsЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерШоу бизнесӘнші

Әсел Сәдуақасова Мексикада бейтаныс жігітпен көзге түсті

Әсел Сәдуақасованың соңғы посттары оқырмандарының қызығушылығын тудыруда. Бейтаныс жігітпен қыдырған актриса Мексикада саяхаттап жүр, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бейтаныс жігітпен шет елге демалысқа аттанған Әсел Сәдуақасова желідегі жұрттың талқысында. Мексикада түскен суреттерін инстаграм парақшасына салған актрисаға жанкүйерлері бақыт тілеп жатыр. Өйткені, бикеш пен бөгде азаматтың құшақтасқан фотолары, олардың арасында сезімнің барын растай түскендей. Әселдің жеке өмірін назардан тыс қалдырмайтын ғаламтор қолданушыларының қуанышында шек жоқ.

«Құрбым екеуміз сіздің қашан тұрмысқа шығатыңызды талқылаудан шаршадық», «Қалаған уақытында тұрмысқа шығады. Әуелі мансабын реттеп алсын», «Ең бастысы бақытты бол», «Жарасымды жұпсыздар. Бақыт тілеймін», «Өте әдемісіңдер. Бақытты болыңдар», «Осы жігітке тұрмысқа шығып алсаңызшы!» — деп жарыса жазды оқырмандары.

Көпшілігі екі жасқа бақыт тілеп жатса, батылдық танытқан бір ғана желі қолданушысы табылды. Әселге тікелей сұрақ қойып, қасындағы жігіттің кім екенін сұрады.

 «Әсел, егер құпия болмаса жаныңыздағы жігіт кім?» — деп сауал жолдаған оқырманына,  «досым» деп жауап берді Сәдуақасова.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Әсел Сәдуақасова бірнеше махаббат хикаясының құрбаны болған. Десек те, 35 жастағы актриса жанына жақын ер азаматты іздеуден шаршаған емес.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close