Басты жаңалықтарШоу бизнесШоумен & Тұлға

Нұрлан Қоянбаевтың өткен жылға қандай өкініші бар?

Актриса Гүлназ Жоланова шығармашылығына неге алаңдаулы?Ал 2019 жылы жұмысы алға жүрмеген жұлдыздар кім? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Күнтізбе 2020-ны көрсетті. Әркім жыл басталған сәттен алдағы уақыттарға жаңа жоспар құрып, күйбең тірлікке қайта кіріскен.  Әйтсе де шоу-бизнес өкілдерінің ескі жылда ескерілмей, ойда болса да жүзеге аспай қалған жұмыстары жеткілікті. Мәселен Нұрлан  Қоянбаев, 2019-да жемісті еңбек етсе де, аяқсыз қалған істеріне алаңдаулы.

«Біздің қолымыз қысқа ғой, көп нәрсеге жете бермейміз.Өнерге қатысты жұмыстарым атқарылмады. Жалпы келер жылға шегерілетін жоспарлар жыл сайын болады. 2020 жылға да көптеген істер қалды. Соны қазірден бастап ойластырып, бұйырса 2021 жылға қалдырмайтындай жұмыс жасаудамыз», — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Иә, кинопродюсер 2019-дағы қателігін қайталамаудың қамына қазірден кіріскен. Қоянбаев секілді Бауыржан Сатовтың да  өткен жылға өз әттеген-айы бар.

«Біріншіден, кеш жүргізуге арнайы костюмдер алып үлгермедім. Екіншіден, бейнебаян түсіріп үлгермедім. Айта берсең көп», — дейді өнер иесі.

Ал, актриса Гүлназ Жоланова былтыр бірнеше мемлекетті аралап, Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахски» туындысына да түсіп үлгерді. Бірақ шығармашылығына ерекше ден қойғанымен, өткен жылы жеке қызығушылықтарын аяқсыз қалдырып, жалқаулыққа жол берген.

«Йоганы бастадым, тастап кеттім. Теннисті көңілімнен шығатын деңгейге жеткізген жоқпын», — дейді актриса.

Өткен жыл Серік Гамза-заде үшін табысты болды. «Жыл таңдауы» жобасында үздіктер қатарынан көрініп, Айдана Меденовамен бірігіп бейнебаян түсірген өнер иесінің де, 2019-да жасалмаған жұмыстары жетіп артылады.

«Үш-төрт бейнебаян түсіреміз деген жоспар болған. Өкінішке орай, бір клип, екі-ақ ән шықты. Ұмытып кеткен, жасай алмаған жұмыстың бәрін осы 2020-ға қазір жоспарлап немқұрайлы қарамай, уақыт-уақытымен белгілеп жатырмыз», — дейді әнші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close