Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Нұрлан Өнербаевтың ән әлемінде жүргеніне 30 жыл!

Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа» орталығында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші, актер Нұрлан Өнербаевтың концерті өтті.

Бұл ән кеші «Ауылға сағыныш» деген атаумен өтті. Бұлай атауының себебін əнші ауыл мен тыңдармандарды сағынғандықтан деп түсіндірді. Кеште өнер иесі репертуарындағы ең танымал «Ауылым», «Ұшқын жылдар», «Айдай» және «Анашым» атты бірқатар әндерін орындады.

Сондай-ақ, кеште Нұрлан Өнербаевтың ұлдары Мақсат пен Марғұлан да өнер көрсетті. Мақсат ән орындаса, Марғұлан пианиномен сүймелдеді.

Биыл Н.Өнербаевтың ән әлемінде жүргеніне 30 жыл толды. Осыған орай, әнші Қазақстаннның өңірлерін аралап, кеш өткізіп жатқанын айтты.

Әншіні тыңдармандары сағынғаны соншалықты, əр əнінен, əр сөзінен соң залға жиналған тыңдармандар алақандарын аямай соғып, шапалақпан ыстық ықыласын жеткізіп отырды.

«Соңғы кезде өнердегі іні-қарындастарым маған «Аға анау əніңізді мен айтайыншы, мына əніңізді маған беріңізші», — деп қолқа салатын болды. Демек, əн əлеміндегі 30 жылымда халықтың көңілінен шығатын, есті əндер орындаған сияқтымын», — деді әнші.

«Құрметті менің тыңдармандарым, мені интернет əлемінен іздемеңіздер, ешбір желіде жоқпын. Мені тек сахнадан іздеңіздер»,- дейді кеш иесі.

«Жұлдызды караоке» айдарында өнер иесі залдағы тыңдармандарымен өзінің репертуарындағы танымал әндерінің бірі «Анашым» әнін қосыла шырқады.

Концертті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сәлем, Қазақстан!» жобасының алдағы шығарылымдарынан көре аласыздар.

Дереккөз: Kaztrk.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Торегали бир жарық жұлдыз, ол туралы қазіргі таңда неше түрлі жаман пикирлер айтылу да, биз казактар кашан коямыз аяктан шалғынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close