Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесШоумен & ТұлғаӘнші

Қайрат Нұртастың жаңа жылдық қаламақысы 15000 доллар

Қайрат Нұртас – 15000 доллар, Төреғали Төреәлі - 9000 доллар, Ерке - Есмахан 7000 доллар. Жұлдыздар мереке қарсаңында неге қаламақысын көтеріп жатыр? Ал гонорарын арттырған әншілердің әрекетіне әріптестері не дейді? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Жыл бойы жиын-тойда тынбай еңбек ететін отандық жұлдыздарға жаңа жыл қарсаңында сұраныс еке есе артатын көрінеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырту алатын шоу – бизнес өкілдері де бұл күні бағаны шарықтатуға құмар. Мәселен мереке қарсаңы танымал шоумендер үшін нағыз қалтаны қалыңдататын кез.

«Сомасын айта алмаймын. Бірақ көбейеді.  Қазіргі қаламақым 1000 долларға да жетпейді. Ал жаңа жылда сұранысқа орай баға өседі ғой»,  — дейді шоумен Нұркен Иманқұлов.

«Біз мереке күні үйде болмаймыз. Жұмыста өткіземіз. Яғни жаңа жылдық кештерде жүреміз. Тек корпоративтен кейін үйде боламыз», — дейді Бауыржан Сатов.

Ер азаматтарға қарағанда Оразымбетованың ұстанымы тым бөлек. Өзге өнер иелері мейрам күні қаржыға кенелудің қамын ойласа, Гүлнұрға ән салдырту үшін қанша ақша ұсынсаңыз да үйінен шығара алмайсыз. Себебі әнші бұл күні жақындарынының жанында болуды жөн санайды.

«Мен 31 желтоқсан күні, жалпы жаңа жылға қарсы үш күн үйде боламын. Бұл біздің отбасылық дәстүр. Сондықтан мен үшін бұл күні ақша табу маңызды емес. Онсыз да жыл бойы анда-мында жүресің, бала-шағаңа аз уақыт бөлесің», — дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Әдетте Қайрат Нұртас той-жиында 7000 долларға өнер көрсетсе, мерекелік  кештерде хитменнің қаламақысы екі есеге қымбаттайтын көрінеді. Қайратпен жаңа жылды қарсы алғыңыз келсе, 15000 долларды дайындай беріңіз!

«Гонорар өсудің де бір себебі бар ғой. Өйткені жаңа жылда көп ұсыныс болады. Сол тапсырыстарды азайту үшін әншілер қаламақысын көтереді. Мен де өсірдім. 100 пайызға болмаса да, кішігірім көтердім», — дейді Арман Қоңырбаев.

Мейрам алды сұранысы артатын өнер иелері қатарында Төреғали Төреәлі де бар. Ұлы дала баласының мереке қарсаңындағы қаламақысының құны 9000 АҚШ-тың құнды қағазын құрайды. Корпоративтік кештерде Ерке Есмахан да сізбен көңіл көтеруге әзір. Жарты сағат бойы ән шырқау үшін бикеш барын салады. Алайда, биылғы жылдың миллионер әншісін мерекенің мейманы қылғыңыз келсе, 7000 долларды әзірлеп қойыңыз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close