Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Ернар Айдар әйгілі Arash-пен ән шырқау үшін қандай қадамға барды?

Ернар Айдар әлемге танымал жұлдыздардың қатысуымен «Махаббат қаласы» атты жеке кешін өткізді. Ауқымды аудиторияның алдында елге есеп берген Ернар Айдардың өнер жолы қалай басталған? Әйгілі Аrashпен дуэт құрған Ернардың қалтасы қаншалықты жұқарды? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Әдетте жанды дауыста ән кешін беруден жасқанатын Ернар Айдар, соңғы уақытта live форматта шоу өткізуге дағдылана бастаған. Таяуда халық алдында үш жарым сағат бойы ән шырқаған хитмен, өзін сынаған көрерменнің күдігін сейілтті. Әнші дәл осы есеп беру концертіне екі ай бойы әзірленген.

«Мен өз-өзіме талап қойып, күн тәртібімді реттедім. Би залынан шықпай, тіпті күні-түні бишілерге тыныштық бермедім», — дейді әнші.

Ернар Айдар бұл жолы жарады. Әлем жұлдызы Оceanaмен ән шырқап,  қара қызды қазақша сайратты. Қос өнерпаздың таңдауы кеш иесінің репертуарындағы танымал «Сен маған ұнадың» туындысына түсіпті.

Ернардың тың шоуына түрік әншісі Сердар Ортач та арнайы келіп, қазақ тілінде ән шырқаған орындаушылардың қатарын толықтырды. Түрік өнерпазын Ернардың репертуарындағы «Тағы да» туындысы тәнті еткен. Аталмыш тректің әуені ұнағанымен, қазақ тілі Ортачқа оңайға соқпапты.

 «Тағы да» туындысының музыкасы ғажап, бірақ мәтіні өте қиын болды. Жаттаған күннің өзінде сахнаға шығарда, алақаныма жазып алуға тура келді. Шыны керек, арасында қарап тұрдым», — дейді Сердар Ортач.

Ерекше форматта концерт берген өнер иесі, тыңдарманын таң қалдырудан жалығар емес. Әйгілі әнші Аrashқа да қазақша ән айтқызды. Алайда концертте төбе көрсеткен шетелдік қонақтардың арасында Ернар Айдардың қалтасын жұқартып, келісімшарт жөнінде әуре сарсаңға салған да дәл осы өнерпаз болыпты.

«Арashпен келісуіміз қиындау болды. Оның уақыты сәйкес келмеді. Келіскен кезде біраз жоспарларымыз бар еді. Бірақ Ернар да, Arash та екі жақтың атақты жұлдыздары болғандықтан, кестелері тым тығыз болып, көптеген жұмыстарды жасай алмай қалдық. Бұдан да мықты шоу болу керек еді», — дейді Ернардың продюсері.

Қос өнер иесінің тығыз кестесіне орай тек ғаламтор арқылы хат алмасуға тура келген. Тіпті Аrash пен Ернардың әні әлемнің екі бөлек нүктесінде жазылып, тек концерт алды тұңғыш рет жүздескен.

«Ашығын айтсам, мен Ернармен бұрын-соңды араласпағанмын. Бүгін алғаш рет таныстық. Бірақ мен ағылшын мен парсы тілінен бөлек, әрқашан қазақ тілінде де ән айтуды қалайтынмын. Ернар менің ойымды дөп басқандай, дәл осы тілде дуэт жасауды ұсынды. Сосын мен жақсы, көрейік ендеше деп келісімімді бердім», — дейді Аrash.

Күні кеше он екі мың орындық кешенде есеп беру концертін өткізген Ернар Айдардың асқақ арманы орындалды.

«Әнші болудың жолында, көптеген дүниелер жатыр. Ауылдан бастайсың, бір мәдениет үйінде концерт бересің, залың бірден толмайды. Бір кездері сегіз адамға кеш өткізгенбіз, билет сатылмайды. Жүз теңгеден бересің, өтпесе, тегін таратасың. Оның бәрін көрдік», — дейді Ернар.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close