Басты жаңалықтарШоу бизнесӘнші

Мадина Сәдуақасова мен Меруерт Түсіпбаева неге жанжалдасып жүр?

Сәдуақасова мен Түсіпбаева неге тіл табыса алмай әлек? Мадинаға қатысты әлеуметтік желіде пост жариялаған Меруерт, қандай құпияның бетін ашты? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Түсіпбаева мен Сәдуақасованың ара-қатынасы, әу баста апалы-сіңлідей еді. Тіпті Мадина алғаш Алматыға келгенде пәтеріне тіркеп, қолдау көрсеткендердің бірі Меруерт болыпты. Әріптестер бірінің сөзін бірі жерге тастамай, қол ұшын созудан да ешқашан тартынбаған. Алайда Түсіпбаеваның соңғы посты, қос өнер иесінің арасына сызат түсірген сыңайлы.

«Конкурент өнерде болмауы мүмкін емес деп пост жариялағанмын. Мен шындықты жаздым. Бірақ кейбір адамдарға ұнамаса, оған менің кінәм жоқ», — дейді Меруерт Түсіпбаева.

Шоу-бизнес өкілдері арасында үнемі шындық айтамын деп, аузы күйетін Меруерт мәселенің мән-жайын баяндап берді. Түсіпбаеваның арнайы пост жазуына, Сәдуақасованың соңғы сұхбаттарының бірі түрткі болған.

«Дұғалова сізге конкурент емес пе деп сұраған ғой. Соған Мадина «жоқ, менің конкурентім тек өзім ғана депті. Өнер деген бәйге ғой. Сондықтан бәскелесім жоқ деген адамға сенбеймін. Орыстар «кривить душой» дейді. Өнерде бәсеке болмау мүмкін емес деп ойлаймын», — дейді Түсіпбаева.

«Мен бұл жөнінде көмекшімнен естідім. Біз инстаграмда жұмыс жасап жатқан кезде ол кісі бір жақта «разберемся» деп жазыпты. Мен Меруерттің маған деген реніші, бір ашуы бар ма деп түсіндім», — дейді Мадина Сәдуақасова.

Бұдан соң қос әншінің арасындағы жағдай ушыға түскен.  Мадинаның әрбір сөзі мен әрекеті Меруерттің ашуын тудырса керек. Әншінің командасына Түсіпбаеваны инстаграмнан бұғаттауға тура келген.

«Бір күні көмекшім Меруерт Түсіпбаева деген кісіні блокқа салып қойдым. Мен неге деп сұрағанымда, ол кісі сіздің жасап жатқан ісіңізге кішкене іші толмайды, көңілі толмайды, ашуы бар секілді деп айтты», — дейді Сәдуақасова.

Сәдуақасованың сөзінше, бұл Түсіпбаеваның тұңғыш шүйлігуі емес. Бұрындары да қос әнші арасында бірнеше рет текетірес орын алыпты.

«Басы-аяғы жоқ, Мадина Сәдуақасова біресе арғын, біресе қызылордалық, енді бірде алматылық болады. Мысалы Павлодарға барса арғынмын, павлодарлықпын деп айтады деген ғой өзінен-өзі», — дейді Мадина.

Түсіпбаева да қарап қалмай, өз тарапына түсірген әріптесінің шағымдарына  қатысты  қысқа қайырды.

«Мен енді бүгіп айта алмаймын. Сократ мне друг, но истина мне дороже. Платон мне друг, но истина дороже», — дейді Меруерт.

Әріптестердің нені теңдей бөлісе алмай жүргенінен біз бейхабармыз. Сондықтан қос өнер өкілінің өкпе-реніші көпке ұзамай, сейілсе дейміз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close