k-popQ-popБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Ескендір Хасанғалиев сырға таққан серілерді сынға алды

ҚР Халық әртісі Хасанғалиев образ үшін шаштарын бояп, сырға таққан серілерді сынға алып, шоу-бизнес өкілдеріне ақылын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Отандық шоу-бизнестегі шаш бояп, сырға таққан серілер мен рэп орындаушылар арасында ашық айқас басталды. Бұл жолы BALLER Q-POP өкілдеріне шүйлікті.
«Мен шаш бояғанға өте қатты қарсымын. Білмеймін шашын бояған жігіттер ауылдарына қалай барып жүр? Түсінбеймін!» — деді рэп орындаушысы BALLER.
«Бізге бәрібір кім не деседе. Шашты қырып тастауға да болады. Қайта өседі. Бояп алдық не болды? Ештеңе өзгерген жоқ», — деді EQ тобының жігіттері.
Ал, жігіттердің атақ қуамыз деп сәнденуін Баллер психологиялық ауытқу деп топшылайды.
«Ол негізі үйдегі тәрбиеден басталады. Білмеймін ол балалар психилогиялық ауруға ұшыраған болар. Түсіндіре алмаймын», — деді BALLER.
Бұндай сылқым жігіттердің жыл сайын көбейуі рэпердің қытығына қатты тисе керек. Тіпті Баллер бір концертте бас қосса да, сахна сыртында олармен қатар отыруды қаламайды.
«Әркімнің өз ойы бар. Отырғысы келмесе отырмасын. Өзіне байланысты. Оны отыр деп қинамаймыз», — деді EQ
Айтпақшы, соңғы кездері Ескендір Хасанғалиев те шаштарын түрлі-түске бояған бойзбендтерді көк жәшіктен жиі байқап жүр. Бірақ, сырт келбетін сан мәрте өзгертетін сырғалы серілердің образы халық әртісінің қөңіліне мүлдем жақпағаны байқалады.
«Ер азамат, ер азамат болып қалу керек. Сырға, бояу, анау-мынау шаш жіберу ол енді біздің тәрбиемізде болмаған. Өйткені сахна киелі нәрсе. Адам сахнаға шыққанда өзінің тұла бойына қарап таза болып шығады. Ал, қалай болса солай, кейде спорттық аяқ киіммен шыға салатындар да бар. Мен ондай нәрсеге жақсы қарамаймын», — деді Ескендір Хасанғалиев.
Ал, бұл жігіттердің аға буынның ақылына құлақ асар түрі жоқ. Сырт көздің сынына еті үйренген EQ-ліктер айтқанынан қайтар емес.
«Бізге біреуді тыңдау керек емес. Өзіміз білеміз не істесек те. Не айтасыздар, не жазасыздар бізге бәрібір», — деді жігіттер.
Сырға тағып сән қуу, одан қалды шаш бояу – шоу-бизнестің талабы делік. Алайда, ер азаматтық болмыс – сахнадан да биік!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close