АфишаБасты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

Әбунасыр Серіков тікелей эфирде не үшін боқтағанын түсіндірді

Әбунасыр Серіков түрлі хайп қадамдарға барып, елді не үшін мазақ еткені белгілі болды. Танымал актердің боғауыз сөздер айтып, жасаған ойға қонымсыз әрекеттері тек қана қаражат табудың жолы болған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше «Аташка на хайпе» фильмі үлкен экранға жол тартты. Блогерлар мен ғаламтор жұлдыздарының өмірі суреттелген тың туындының шығармашылық тобы, отандық комедиялар арасында топ жаратынына сенімді.
«Қазіргі таңда комедиялар өте көп. Бұл фильм үздік деп айта аламын. Біз өз ісімізге жауапты қараймыз. Осы киноға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Сонымен қатар, біз актерларды да, қаржы жағынанда өзіміз қамтамасыз етеміз», — деді Даут Шайхисламов.
Фильмнің актерлік құрамы отандық вайнерлермен толыққан. Әдетте, бейнероликтерге түсуде еш қымсынбайтын блогерлер, бұл жолы кәсіби кинокамера алдында біраз әбігерге түсіпті.
«Фильм барысында блогерлар, ғаламтор жұлдыздары киноға түсудің қаншалықты қиын екенін түсінді. Қалай ойнағанын туынды да көресіздер», — деді кинопродюсер Шайхисламов.
Қарияның ойға қонымсыз істері, боғауыз сөздері мен халықты келеке етуі ақша үшін жасаған әрекеті. Әйтсе де, басты рөлдегі Әбунасырға дәл осы образды сомдау қиынға соқпаған. Себебі, елуді еңсерген актер өмірде де хайп құмарларды қолдайтын боп шықты.
«Енді әртүрлі жағдай болады. Қайтсекте отбасын асыру керек. Мен хайп жасайтындарды кінәлай алмаймын. Ақша жоқ болғаннан кейін жаман нәрселер жасайды. Ал егер ақшасы жетіп тұрса не үшін жаман сөздер айтады?» — дейді Әбунасыр Серіков.
Аташканың көршісін сомдайтын Саттар, әдетте гонорары жайлы тіс жармайтын. Бұл жолы түсірілімнен тапқан табысы жайлы актер ашып айтты. Бірақ бастапқыда келіскен сомадан кем қаржы алғаны Ерубаевтың еңсесін түсірген сыңайлы.
«Күніне енді бұл кинода өтірік айтпай ақ қояйын, 250 мыңдан алдым. Бір апта түстім. Мың доллардан 250 мыңға түскен түрім ғой енді. Күніне мың доллардан деп айтқанмын. Сомен Сәке, Мәке деп түсірдік қой», -деді Саттар Ерубаев.
Бұл фильм отандық шоу-бизнесте белең алған Хайп терминінің мағынасын ашуға тырысқан шығармашылық топ, фильмге отандық хайпқұмар жұлдыздарды тартқан. Тіпті басты рөлдердің бірін төсін ашып, бір түннің ішінде танымалдылыққа ие болған Шырын Нарчаеваға ұсыныпты.
«Фильмде басты рөлдің бірін Шырын сомдайды. Ең хайпқұмар сол қыз. Біз сол үшінде оны шақырдық. Бірақ, басты мақсатымыз Шырынға өзінің қандай қыз екенін көрсету болды», — деді Сәбит Рахимов.
Комедиялық туындыларда бой көрсетіп жүрген актерлар да әріптестерінің еңбегіне өз бағаларын берді.
«Бұл кинода тек қана күліп кетпейміз. Астында терең мағынасы бар. Бірақ кей біреулер оны түсінбейді. Сол қиын екен», — дейді Мейірхан Шерниязов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close