Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Дильназ Ахмадиева тұңғышының есімін таңдап қойған ба?

Дильназ Ахмадиева жақында жұлдызды аналар қатарын толықтырмақ. Әншінің жүктілік кезеңі қалай өтуде? Ахмадиева қандай аналардың қатарына жатады? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Дильназ Ахмадиева 40 жасқа таяған шағында алғаш рет ана  атанбақ. Бүгінгі күні сәбиін асыға күтіп жүрген өнер иесі, тұңғышының есімін таңдаудың қамына кіріскен.

«Әзірше ойланып жатырмыз. Өйткені ерекше есім қойғымыз келеді. Сондықтан қазақша да, орысша да, ұйғырша да емес. Түрікше немесе арабша есімдер іздестіріп жатырмыз», — дейді Дильназ.

Иә, балаға мағыналы ат қою — ата-ананың басты парыздарының бірі екені рас. Сондықтан Дильназ, мұндай маңызды шешімді жолдасы Әзілхан Сейітбаевпен бірге қабылдауды жөн көрген.

«Апаларымыз кешірер енді. Біз бұл сәбиді ұзақ уақыт күттік. Сондықтан баламыздың есімін жолдасыммен бірге таңдаймыз», — дейді әнші.

Ал, таяуда ғана дүйім жұртқа жүктілігін жария еткен Ахмадиева, сәбиінің жынысын жасырын ұстауды ұйғарған сыңайлы.

«Баламыздың жынысын сыр қылып сақтауды жөн көрдік. Әзірше айта алмаймын. Қазір бәріміз тек асыға күтіп жүрміз», — дейді Ахмадиева.

Жүкті әйелдерге тән токсикоз Дильназды да айналып өтпеген. Осы уақыт аралығында әр түрлі көңіл-күйді бастан кешіріп үлгерген өнер иесі, қазір қандай ана болатынын болжап әлек.

«Маған нәрестелі болған соң үйде отыруға тура келеді деп айтып жатыр. Бірақ мен бала кезімнен жыбырлап, үйде отырған емеспін. Анам үйде өзің-ақ отырғың келіп тұрады дейді. Көреміз. Мені қандай ана болатыным толғандырып жүр. Сабырсыз ба, салмақты ма?», — дейді Дильназ.

Айта кетейік, Ахмадиева көптен күткен нәрестесін келер жылдың көктемінде қолына алады. Десе де,  әнші шығармашылығын да шетке ысырмай, таяуда «Бой тревогу» атты  тың туындысының тұсауын кесті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close