Жаңалықтар

Ерке Есмахан өзіне тіл тигізген оқырмандарға «ауыздарына ие болуды» сұрады

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өзіне жағымыз пікір жазып маза бермейтін оқырмандарына ренішін білдіріп, желіде жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзін түрлі сұрақтармен мазалай беретін желі қолданушыларын «орнына қойғысы» келген Ерке ақша санаудан шаршамайтын жандарға ағынан жарылды.

«Көптен бері біраз оқырмандарымды мазалап жүрген сұраққа, не болмаса, маған тағатын міндеріне жауап берейін!

Сіздер менің шетел асып қыдыратыныма, қымбат көлік, түрлі киімдеріммен, жүрген жерімнің бәріне тиісіп, менің ақшамды санаудан шаршамайсыздар! Одан қалды, маған ұрысып: «неге осының орнына қайырымдылық жасамайсың, нан таба алмай отырған адам көп, өзіңді ойлай бермей, бөліс», — деп ақыл айтасыздар! Ол ақылдарыңыз дұрыс, әрине! Оны сіздерсіз-ақ білемін, Құдайға шүкір, ата-анамның тәрбиесіне мың алғыс айтамын!», — деп бастаған әнші өзінің атқарған игі істері туралы да айта кетті.

«Енді айтарым, «Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» деген сөз бар! Көмектескен сәттерімді видео, суретпен : «Ал, міне беріп жатырмын» деп жырқ-жырқ еткізіп инстаға сала берсем, не қасиеті қалады оның?! Сондықтан айтарым, қиын xәлде жатқан адамдарға да дәрімен де, азық-түлікпен де, ақша сұрағандарға да, киім сұрағандарға да, «выпускной» дегені тағы бар, барлығына қол ұшымды беруге тырысып, қолымнан келгенше жасап жүрмін!

Сіздер күнде қаралап қоймаған соң, осыны жазуға мәжбүрледіңіздер! Ұлыма да жүрсе де, кисе де тиісіп қоймайсыздар! Ұлымды асырап отырған мен де АНАмын, естеріңізге сала кетейін! Шығармашылығым бар! Аспаннан маған да ақша жауып жатқан жоқ!

Сондықтан, не болса соны маған жазып, намысыма тиіп, ауыздарыңызға тек «оразада» емес, 12 ай бойы ие болсаңыздар жақсы болар едi! Аллаx сана, сабыр берсін! Несібелеріңіз мол болсын! Ораза қабыл болсын!!!», — деп жазды ол. 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Молодец Ерке. Биздин казактарда кореалмаушылык бар гой. Бир ели ауыздарына он ели какпак койган жаксы.

  2. Жарайсын баягыдан осылай жазып баринин аузын жауып тастауын керек еди

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close