Басты жаңалықтарЖаңалықтарСұхбаттарЭксклюзив

Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шараповтың дауы жалғасуда!

Соттан соң БАҚ өкілдерінен бой тасалап, тілшілермен тілдесуде тартынып келген Ләйлә Сұлтанқызы, алғаш рет Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында сырын ақтарды.

«Заңның аты заң. Мен заңға қарсы шыға алмаймын. Және де бұл жерде менің айтар кез-келген жауабым ақталу секілді болып кетеді», — дейді Ләйлә.
Десек те, шудан соң су сепкендей тынышталған Сұлтанқызының ұстанымына ғаламтор қолданушылары түрлі жорамал жасауда. Ал, танымал тележурналистің шағымданудағы басты мақсаты – тек жеке басына бағытталған пікірлерге заң алдында жауап алу еді.
«Менің үндемегенімді оны басқаға балаудың қажеті жоқ. Мен мүмкіндігінше адамның құқығы бұзылмасын дегенді ғана жеткізгім келді. Ол тек қана менің басымда болатын жағдай емес. Ол кез-келгеннің басында болатын жағдай», — деді Сұлтанқызы.
Сұлтанқызына кереғар пікір айтып, арнайы пост жүктеген Шарапов соттан соң жазбаларын өшіріп үлгерген. Әзілкештің бұл қылығы тележүргізушінің қытығына тисе керек, Ләйлә да Нұрболханға бағыттап, инстаграм желісінде өз ойын қалдырған еді.
«Ел алдында «Арсыз, сутенер, билбордтағы суретіне лай-батпақ ату керек. Қандай ана екен деп аналық ар ожданыма дейін қол сұғып, желіге жария етіп,соңында «Мен ештеңе айтпадым. Ол кісіні жақсы көремін, сыйлайымын» деп, жазбаларын өшіре салу, жігіттікке жатпас», — деді тележүргізушісі жазбасында.
«Ешкімнің құқығы жоқ сынауға, жақсы анасың ба, жаман анасың ба?. Болмаса сенің адам ретінде, адамдық қасиетіңе сын айтуға ешкімнің құқығы жоқ», — деді Сұлтанқызы.
Жеңгенің айтып, желіге жазба жүктеген Нұрболханның әрекетін Ләйлә әбестікке балап отыр.
«Бөркін аспанға лақтырып, қуанып, сауап деген сияқты дүниелер ол артық тым. Ол керек емес нәрсе негізі. Ал егер қорғанамын деген адамның ол өз таңдауы деп ойлаймын», — дейді танымал журналист.
Сот өз шешімін шығарғанымен, құзырлы органның соңғы сөзіне Сұлтанқызы қанағаттанбайтын сыңайлы.
«Қазір қорытынды жасай аламын. Көп ұрсысуға болар еді. Көп таласуға болар еді. Болмаса көп жағдайда төбелесуге болар еді. Бірақ мен әйелмін. Менің жасым үлкен. Бұл менің үлкендігім деп қабылдағаны дұрыс деп ойлаймын», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ләйлә үлкенмін деп үндемегенімен, Нұрболхан желіде әлі дабыл қағуда. Ашық айқасқа шыққан қос тараптың дауына нүкте қойылар түрі жоқ.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close