InstaNewsЖаңалықтарФотосессияШоу бизнес

Есімі – Дара! Жанболат мен Жазира қызды болды

Жанболат пен Жазира жұрттан сүйінші сұрады. Сәбиді ұстап суретке түскен жұлдызды жұп, қызды болғандарын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Жазира Байырбекова инстаграм парақшасында ел күтпеген мәлімдеме жасады. Әнші әлеуметтік желіде екінші мәрте ана атанғанын хабарлады. Отбасылық суретті жүктеген өнер иесі, қатарға кішкентай қыздың қосылғанын айтқан.

«Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан бүгін рұқсат алдық!» — деді Жазира Байырбекова.

Байырбекова қызы туралы қысқа қайырғанымен, жұлдызды жұптың ұлы Қазыбек қарындасы жайлы алғаш рет ашық жазба қалдырған. Жұлдызды жанұя бөбекке Дара деп ат қойыпты.

 «Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес – досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше — Дара атқа ие болды!» — деді жұлдызды жұптың ұлы Қазыбек.

Бір қызығы, Жанболат пен Жазираның жанұясындағы жағымды жаңалықтан әріптестері де бейхабар екені байқалады. Сүйіншіні естіген шоу-бизнес өкілдері су жаңа суреттің астына ақжарма тілектерін жарыса жазып жатыр.

«Бауы берік болсын! Құтты қыз болсын!» — деді Гүлнұр Оразымбетова.

«МашАлла, міне жаңалық! Ғажап болған екен. Құтты болсын, Жазкентай!» — деді Қарақат Әбілдина.

«Құтты болсын! Бауы берік болсын! Өте қуаныштымыз! Дара үлкен азаматша болсын!» — деді Тоқтар мен Бейбіт.
Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның отбасылық одағына  биыл 22 жыл толған. Ерлі-зайыптылардың 20 жастан асқан Қазыбек есімді ұлы бар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close