ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Жыл таңдауы – 2019» жүлдесінде Арман Қоңырбаев пен Аша Матай үздік атанды

«Жыл таңдауы- 2019» ұлттық музыкалық марапатта жүзден жүйрік шыққан кезекті өнер иелерінің есімі анықталды, деп хабарлайды Shownewskz ақпараттық порталы.

Аталмыш жобада  Арман Қоңырбаев пен Аша Матай отбасылық дуэті де үздіктер ара сында топ жарды.  Алматы Арена мұз айдынында жиылған тыңдарманға «Ау жаным»  атты туындысын ұсынған жұп, атаулы мүсіншені еншіледі. Айта кетейік, Арман мен Аша бұл жобаға қатарынан төртінші мәрте қатысып отыр.

«Жыл таңдауы»  —  отандық эстраданың үздік өкілдері марапатталатын алаң.  Бүгін шоу-бизнес өкілі Айқын Төлепберген де «Жүрегім ақ» әнімен үздіктердің тізіміне ілінді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close