ЖаңалықтарПродюсерШоу бизнес

Алуа Қонарова «Жыл таңдауы-2019» ұлттық жүлдесінің арнайы мүсіншесін иеленді

Продюсер «Жыл таңдауы-2019» ұлттық премиясында «Қазақстанның шоу-бизнес өндірісіне қосқан үлесі үшін» номинациясын алды, деп хабарлайды Shownewskz ақпараттық порталы.

Он жылдан аса отандық шоу-бизнестің дамып өркендеуіне өз үлесін қосуда талмай еңбек еткен азулы продюсер, бұл номинацияға әбден лайық. Себебі, Алуа басшылық ететін бойзбендтер  шығармашылық жолында жақсы нәтиже көрсетуде.

«Мен үшін атаулы мүсінше күтпеген тосынсый болды. Еңбегімді елеп-ескергендері үшін «Жыл таңдауы» ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін», — деді Алуа Қонарова.

Атаулы жобада  еңбегі еленгендердің қатарында «101» тобы да бар. «Сердце под прицелом»,  «Дай мне время», «Я+ты»  хит әндерінің орындаушылары «Эпоха» атты арнайы номинацияның иегері атанды.

«Жыл таңдауы» ұлттық музыкалық марапат осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше сағатқа созылған шараны танымал жүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы,  Баян Алагөзова, Кирилл Мейстер, Санжар Мәди, Ольга Спирина және Ләйлә Қазиақпаровалар тізгіндеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close