ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Опмай-опмай» орындаушыларына «Жыл таңдауы-2019» мүсіншесі табысталды.

«Жыл таңдауы-2019» жүлдесі тек жеке әншілердің хиттерін емес, үздік дуэттердің орындауындағы тректерді де назардан тыс қалдырмаған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Биыл дуэттер тізіміндегі таңдаулы мүсінше Alli & Rick  атты өнерпаздарға бұйырды. Бұл жолы олар «Дама любит доллар» деп аталатын танымал тректі топқа қосқан.

Мәди Рымбаев пен Bonopart есімді музыкантқа «Шоколад» әні үшін арнайы мүсінше табысталды.

«Үздіктер қатарынан табылғанымызға өте қатты қуаныштымыз. Таяуда тағы да жаңа ән жазып, дуэт айтамыз деген ойдамыз», — дейді Мәди Рымбаев пен Bonapart.

Жылдың үздік дуэттер қатарын «Азия» мен «Бақай» тобы толықтырды. Аталмыш ұжымдар ұлттық музыкалық жүлдеге алғаш рет жолдама алған еді. Десек те, қос топқа биыл сәттілік серік болды. Жыл басынан бері тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген «Опмай-опмай» хиті арнайы марапатқа лайық деп танылған. Жігіттердің «Жыл таңдауы-2019» премиясындағы сахнадағы шоуына Құралай Нұрқаділованың арнайы сән көрсетілімі де көрік берді.

Сондай-ақ, Нұржан Керменбаев пен Adil атты жігіттің бірлесе шырқаған «В сердце» туындысы үздік деп танылды.

Дүйім жұрттың жүрегін жаулаған дуэттер қатарында Айдана Меденова мен Серік Гамза-заде де бар. Қос әріптеске «Қараш-қараш» атты туындысы үшін «Жыл таңдауы-2019» жүлдесінің кезекті мүсіншесі берілді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close