ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Жыл таңдауы-2019» жүлдесінің алғашқы мүсіншесін әнші Miko еншіледі

«Жыл таңдауы-2019» марапаты бұл жолы да өнер мен шоу-бизнес әлеміндегі таңдаулыларды сарапқа салды. Биыл аталмыш премияның алғашқы жүлдесін Miko есімді әншіге бұйырды, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Miko – отандық шоу-бизнестегі жас буынның өкілі. Әнші жігіт тек таңдаулылар бой көрсететін жүлдеге «Девочка в тренде» атты трекпен тартысқа түсіп, соңында үздіктер қатарынан көрінді.

 

ElDark – «Жыл таңдауы-2019» жүлдесін еншілеген орындаушылардың тізіміне енді. Әншінің «Художник» атты туындысы Youtube видеохостингінде 88 миллионға жуық қаралым жинаған. Таңдаулылар арасында топ жарған талантты жігіт ұлттық музыкалық марапатқа ілікті.

 «Шынымды айтсам, мүсінше аламын деп ойламадым. Мен үшін «Жыл таңдауы» сахнасында өнер көрсетудің өзі марапаттан да биік мәртебе», — деді әнші ElDark.

Алғашқыда «Ағайынды Жүгінісовтер» тобында ән салған Мирас, бүгінде жеке шығармашылығына белсенді түрде ден қоя бастаған. Жүгінісовтер жанұясының ортаншысына «Жыл таңдауы-2019» жүлдесі бұйырды. Ауқымды аудиторияға «Әндетемін» атты тректі тарту етті.

Сондай-ақ, «Жыл таңдауы-2019» марапатына лайықтылардың санатында жас әнші Ziruza да бар. Кәсіби сахнаға қадам басқалы тынбай тер төгіп жүрген ару, биыл «24/7» әні үшін ұлттық жүлденің мүсіншесін еншіледі. Әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар қыз, аталған сахнада «Сыбырлайды» атты тректің тұсауын кесіп үлгерді.

«Жыл таңдауы-2019» жүлдесінен көпшілікке VSXV Prince атымен танымал өнерпаз да құр алақан қайтқан жоқ. Ұлттық премияның сахнасында кезекті мүсіншені иемденген ол, бұл жолы тыңдармандарына «На лету» хитін шырқап берді.

«Ирина Кайратовна» – Ұлттық музыкалық жүлдеде биыл рекорд орнатқан ұжым. Аталған жоба «Жыл таңдауы-2019» жүлдесінде үш бірдей мүсіншені еншіледі. Трендтегі тректер арасында топ жарған «Subzero», «Ne angime», «Джай» атты туындылар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close