ЖаңалықтарМузыкаСәнШоу бизнесӘнші

Әлішер Кәрімов пластикалық отаға жүгінгенін мойындады

Әншінің үлкен сахнада жүргеніне 15 жыл болған. Сырт келбетіне күтіммен қарау Кәрімов үшін маңызды. Сол себепті бет-әлпетіне операция жасатуға мәжбүр болғанын жазды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Бұрынғы Әлішер қазіргіден мүлдем өзгеше. Қырағы көрермен Кәрімовтің келбетіндегі өзгерісті бірден байқаса керек, әншіні сұрақтың астына алып, әбден әбігерге түсірген сыңайлы. Сан сауалға бір жазбамен жауап беруді жөн көрген өнер иесі, күні кеше Instagram парақшасында бет-әлпетіне қатысты бар сырын жайып салды.

 «Маған көпшілік көзіңізді, мұрныңызды, және иегіңізді өзгерткенсіз бе жазады. Сондықтан, барлығыңызға бір пост арқылы жауап берейін деп шештім. Негізінде мен тек блефаропластика ғана жасаттым», — деді Әлішер.

Бұған дейін Кәрімов сколиоз ауруына шалдығып, Кореяда омыртқасына ота жасатқанын айтқан-ды. Өнер иесі көзін үлкейту үшін де корейлік клиниканың көмегіне жүгінген. Десе де, соңғы кезде шоу-бизнестегі ерлер қауымы қыздардан артық күтінетін болған. Әлішер көзін үлкейтсе, әншінің әріптестері косметологтарға баруды жиілеткен.

«Мен косметологқа бетімді тазалату үшін жиі барамын. Себебі, менің терім өте сезімтал. Сондықтан ерекше күтіммен қарауды талап етеді. Экология да лас, бет-әлпетімді қазірден бастап қолға алмасам, кейін өзім қиналамын», — дейді әнші Диас Абылаев.

Әріптесінің сөзін Айқын да құптайды. Тіпті, бет-әлпетін күту Төлепберген үшін әдеттегі ем-домға айналған.

«Қазір косметология дамып жатқан заман, бәрібір барасың. Бармағанда не істейсің? Күтінген қыздарды еркектер жақсы көреді ғой, сол сияқты күтінген еркектерді де қыздар жақсы көреді. Сондықтан біз косметологқа міндетті түрде барамыз», — дейді Айқын Төлепберген.

Ал, әріптестерінің әрекетін кейбір қатарластары қолдамайды.

«Сол мамандарға барып жүрген жігіттер өздері айтсын, мен бармаймын», — дейді өнер иесі Сырымтай Еңсепов.

«Осы өнерде жүрген ер азаматтардың ішінде менің бетім аса қатты сезімтал. Сондай мәселесі бар өнерпаздардың тізімінде мен де бармын.  Бірақ осы уақытқа дейін косметологқа барып, маска жағу, бірдеңені сыпырып алу дегенді бірде-бір рет жасатпаппын», — деді әнші Дидар Кәден.

Иә, сахна сұлулықты талап ететіні ақиқат, алайда ер азаматтар өз болмысын жоғалтып алмаса болғаны.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close