InstaNewsЖаңалықтарСәнШоу бизнес

«Ешқандай әбестік жоқ!» Жалаңаштанған Динагүл Тасова хейтерлерге жауап берді

Жалаңаш төсімен жұрт назарына іліккен Динагүл Тасова, өзіне әлеуметтік желі арқылы жағымсыз пікір бағыттағандарға жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Ашық образдарымен көптің ашуын тудырған Тасова, таяуда Петропавл қаласында өткен Petro Fashion Event сән көрсетілімінен кейін тағы да сынның астында қалған еді. Бұл жолы атышулы Динагүл өзіне кереғар жазба қалдырғандарға арнайы пост жариялаған.

«Сән көрсетілімінде жалаңаш денені көрсетуде, ешқандай әбестік жоқ. Сән индустриясының өзіндік қыр-сырлары бар. Сахналық образдарды — дизайнер, стилист, визажисттер өздері таңдайды. Бұл жерде сәнбикелер еш нәрсе шешпейді. Подиумда модель тек манекен сияқты. Бұл үшін мені кінәләп, жек көру дұрыс емес деп ойлаймын» — деді атышулы Динагүл инстаграм парақшасында»

Экс-депутат аталған жазбасында тағы бір тақырыптың шетін шығарды. Тасованың пайымдауынша, біреудің жеке басының шаруаларын талқылағаннан гөрі, мейілінше әлеуметтік мәселелерді көтеру керектігін жеткізді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың, жалғызбасты аналардың, жұмыссыздардың мәселелерін және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жан-жақты талқылаған әлдеқайда дұрыс», — деді Динагүл.

Әдетте әр посты сынға ілігетін Динаның  бұл жолғы жасбасы көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Желідегі нәзік жандылар сәнбикені қолдап, ыстық ықыластарын білдіруде.

«Бұл шындық», «Барлығы дұрыс», «Меніңше жағымсыз пікір қалдыратындар жәй ғана сізді көре алмайды», «Мен сізді қолдаймын, Динагүл», «Әйелдердің  төстеріне қарағанша, осы мәселелерге көңіл аударыңыздар, ерлер қауымы», — деп пікір қалдырды оқырмандары.

Айта кетейк, Динагүл отандық сән көрсетілімдерінің бірінде жалаңаш кеудесімен шығып көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Осы уақыт аралығында Тасова қанша талқыға түссе де, сән сахнасындағы өз ұстанымын өзгерткен емес.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close