ЖаңалықтарКино & Театр

«Қазақстан» Ұлттық арнасы «Келін» телехикаясының көрсетілімін аяқтайды

«Қазақстан» телеарнасы 2017 жылғы 24 ақпан күні қазақстандықтардың көңілінен шыққан «Келін» телехикаясының көрсетілімін аяқтайды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлайды.

Кішкентай Анандидің өмірінен сыр шерткен хикая бес жылдың ішінде біздің көрермендеріміздің назарынан тыс қалған жоқ. Телекөрермендер жергілікті салт пен дәстүрге сәйкес тұрмысқа ерте шыққан және бөтен отбасыға келін болған кішкентай қыздың тағдырына бейжай қарай алмады. Өзінің еңбекқорлығының, төзімділігінің және үлкендерге деген құрметінің арқасында Ананди қайын жұртына тез сіңіп кетеді. Бұл қасиеттерінің арқасында қазақ көрермендерінің де көңілінен шығады.

«Келін» телехикаясы соңғы бес жылдың ішінде рейтингі жоғары теленовеллалардың қатарында болды. Осы жылдардың ішінде хикаяда бас рөлдерді сомдаған актерлар да бірнеше рет ауысты. Бала кездегі және бойжеткен Анандидің ролін үш актриса: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра сомдады.

2014 жылы Астанаға Авика Гор, ал 2015 жылы Анандидің жұбайының рөлін сомдаған Сиддхартх Шукла (Шив) келген болатын. Әрбір кездесуге мыңдаған жанкүйерлер қатысты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close