InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

Ернар Айдар алғаш рет баласын көрсетті

Ернар Айдар алғаш рет тұңғышымен түскен суретін әлеуметтік желіге салды. Әншінің су жаңа постын көпшілік күтпесе керек, бесіктегі бүлдіршінге бірден жылы лебіздерін жолдауда, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырын ұстаған Ернар Айдар соңғы посттарының бірінде сәбиімен түскен суретін Instagram парақшасына жүктеген болатын. Әншінің отбасында Айшолпан есімді қыз осы жылдың 28 тамызында дүниеге келген еді. Халықтың қызығушылығын тудырған фото қазнетте қызу талқыланып жатыр. Жазбаның астына желі қолданушылары ізгі тілектерін жарыса жазуда.

«Бауы берік болсын. Сұлу да, сымбатты қыз болып өссін», «Бауы берік болып, үлкен азамат болып өссін», «Тәтті қыз, отбасыңызға жақсылық тілеймін, қызығын көріңіздер. Болашақта Алла қаласа инабатты да, ибалы қыз болып өссін», «Жанұяң толыға берсін Ернар, тек жақсылық тілеймін», «Алла отбасыңа береке берсін, бауырым! Абыройың асқақтай берсін», — деді әншінің оқырмандары.

Естеріңізге сала кетсек, Ернар Айдар 2017 жылы шаңырақ көтерген еді. Өнер иесінің жүрегін жаулаған арудың есімі — Мәдина. Таразда өткен дүбірлі тойға БАҚ өкілдеріне рұқсат етілмегенімен, санаулы уақыттан соң екі жастың қуанышы жайлы ақпаратты әншінің достары әлеуметтік желіде бөліскен болатын.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close