Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерШоу бизнесӘнші

Айқын мен Жұлдыздың өткен өмірі су жаңа фильмде суреттелмек!

Айқын алғашқы толықметрлі туындысын таспалауға кірісті. Төлепберген жұбайы Жұлдызға қандай жеңілдік жасаған? Кинонарыққа бет бұрған өнер иесінің мақсаты қалтасын қалыңдату ма? Толығырақ Shownews.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық киноның қоржыны тағы бір комедиялық туындымен толықпақ. Бұл жолы Айқын Төлепберген продюсер ретінде бағын сынауда. «Операция гүлдер» деп аталатын толықметржады фильмнің бүгін бірінші түсірілім күні. Басты рөлдерде Айқын мен Жұлдыз.

«Мен гүл сататын жігітпін. Жұлдыз менің жүріп жүрген қызым. Комедия жанрында, кішкене боевигі бар арасында біздің өміріміз жайлы фильм болады», — дейді Айқын.

Иә, соңғы жылдары қазақ киноиндустриясы комедияның айналасынан алысқа аттамауда. Бұл көрерменнің талабы ма, әлде табыстың амалы ма Айқын ашығын айтты.

«Біздің елімізде комедия ең коммерциялық. Қазақстанда кино шықса, көрермен не комедия, не мелодрама болса ғана баратын сияқты. Ал, боевик басқаны түсіру қиын шығар деп ойлаймын»

Айқынның тырнақалды туындысының түсірілім жұмыстары осыдан бір ай бұрын басталуы тиіс еді. Шығармашылық ұжым сәтті сценарий үшін уақыт созып алған көрінеді.

«Сценарий жағынан көп ойландым, көп жазылды. Біз жарты жылдай, тіпті, 7 айдай сценариймен айналыстық. Әлі біткен жоқ, бір-екі жерлері қалды, сонда да түсірілімді бастап кеттік», — дейді әнші.

Ал, бұл фильмде Жұлдыз Айқынның ғашығын сомдайды. Әнші жобаға келіншегін ешбір іріктеусіз қабылдаған.

«Мен ешқандай кастингке қатысқан жоқпын. Бастапқыда Айқында кино түсіремін деген идея болғанда, бірден екеуміз ойнаймыз деп айтты. Менің иә немесе жоқ деген жауабым керек болған жоқ», — дейді Жұлдыз Өмірғали.

Басым көпшілігі кәсіби актерлардан құралғандықтан, Төлепберген де тең дәрежеде өнер көрсетуі үшін арнайы актерлық білім алудан тартынбаған.

«Актерлық шеберлігімді барып шыңдау үшін Ерлан Кәрібаев деген азаматтан арнайы сабақ алдым. Дайындалдым», — деді өнер иесі.

Аталмыш лентаның актерлық құрамында Рүстем Жанаманов, Құмар Лұқманов, Гүлнәр Сильбаева сынды танымал шоу-бизнес өкілдері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Төреғали Төреәліге де эпизодтық рөл бұйырған.  Кілең жұлдыздар бас қосқан «Операция гүлдер» комедиясы, үлкен экранға халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жол тартады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close