Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Роза Рымбаева: «Әлидің концертіндей Алматыда кеш әлі болған жоқ!»

Әли Оқаповтың Алматыдағы алғашқы ән кеші қалай өтті? Нағима Есқалиева Розаның тұңғышына қандай баға берді? Жеке кешін беруді жоспарлағанымен, Оқапов орта жолда  ойынан неге айныған? Толығырақ Shownews.kz тілшісі хабарлайды.

Күні кеше Республика сарайының төрін екі жарым сағат бойы жанды дауыста әнмен көмкеріп, әсем биімен баршаны баурай білген Әли Оқаповтың Алматы жұртшылығына арналған алғашқы жеке концерті өтті. Былтыр «Биле» деген атпен елордада есеп берсе, биыл да аз тер төгілген жоқ.

«Менің байқауымша, Алматыда осы мағынада, осындай стильде концерт болған жоқ. Бізде фонограммамен ауыз жыбырлатып тұратын кештер көп қой. Бірақ Әлидікі мүлдем бөлек. Бұл оркестрмен, балетпен, жанды дауыста айтылатын жұмыс», — дейді Роза Қуанышқызы.

Әйтсе де, Роза Қуанышқызы бір бойына әншілік, композиторлық, бишілік қабілеті қатар дарыған ұлының  алғашқыда тек кәсіби музыкант болуын құп көрген. Алайда, Әли әмбебап әртіс екендігін дәлелдеді.

«Әли — мықты орындаушы. Әйтсе де, Роза Қуанышқызы, ол әнші емес ол пианист, композитор дейді. Біздің эстрададағы даусы жоқ, тіпті түрлері де келіссіз әншілер көп қой. Олардан қарағанда Әлидің әлдеқайда тамаша дауысы бар. Мен бұл жайында үнемі Роза Қуанышқызына айтып отырамын», — дейді ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиева.

Бұл кеште Оқапов 25 әнді liveband-тің сүйемелдеуімен орындады. Концерттік бағдарламаның басым бөлігі – авторлық туындылар. Сондай-ақ, жеке кешінде қос бірдей халық әртісімен дуэт құрып, Диас Абылаев, Сырымбет Еңсепов сынды қатарластарымен қосыла ән шырқады. Ал, туған інісі Мәди ағасын battle-ға шақырып, Әлиді әбігерге салды.

Оқапов өзіне жүктелген екі сағаттың әр сәтін ұтымды пайдалануды жоспарлаған.  Бірнеше бөлімнен тұратын кешке түрлі образдар таңдалыпты. Кеш иесі костюмдерін 2 минутта ауыстырса, бет әрлеуге санаулы ғана секунд бөлген.

«Концертімді тезірек өткізіп, диеталарымды тастап, жаттығуларымды қойып, адамша өмір сүрсем екен деген тілек болды. Бір-екі рет жылап жібергенім де бар. Дайындық кезінде осы сахнада үзбей, 9 сағат бойы ән айтқанмын. Ең соңында жағым, аяқ-қолым ісіп кеткен жағдайларға да жеткенбіз», — дейді Әли.

Дегенмен, өнердегі достары бұл кешке ат салысып, әрқайсысы атқаратын жұмыстарын бөліп алған. Мәселен, билет тарату, көлікпен қамтамасыз ету, БАҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізу жұмыстары Дидар Кәденге жүктелген. Кеш иесінің концертке дайындық барысында көрген қиындықтары мұнымен шектелмейді.

«Біз Әлиге вокалға қатыстың, биге дайындалдың, массажға бардың, тіс дәрігеріне қаралдың. Енді 086 анықтамасын алып,  3-4 суретке түссең жұмысқа тұруыңа болады ғой, деп қалжыңдаймыз. Барлығынан шынымен де өтті», — дейді өнердегі досы Дидар Кәден.

Оқаповтың шығармашылық кешінде  шоуға да, биге де, әнге де уақыт табылды. Ең әсерлі тұсы — әкесі Тасқын Оқаповқа ән арнауы.

«Әлидің асылдың тұяғы екенін бәріміз білеміз. Мен сол Әлидің болмысы, сахнадағы сөзі, өз-өзін ұстауы, биі, жалпы маңдай терімен жасалған дүниелері мені қызықтырды. Әлидің концертіне мен әндері үшін емес, жалпы болмысы үшін құрметтеп келдім», — деп Жазира Байырбекова кештен алған әсерімен бөлісті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close