InstaNewsЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыКино & ТеатрШоу бизнес

АҚШ-та актриса Аружан Жазылбековаға «Үздік әйел рөлі» номинациясы бұйырды

Кеше Лос-Анджелесте өткен кинофестивальде Аружан Жазылбекова «Үздік әйел рөлі» номинациясын еншіледі, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

АҚШ-та өткен Golden Screen Awards премиясында Аружан Жазылбекова үздіктердің тізіміне енді. Қазақстандық актриса «Композитор» фильміндегі образы үшін «Ең үздік әйел» марапатын иеленді.

«Композитор» фильміндегі рөлім үшін Golden Screen жүлдесі бұйырды. Ұйқы да жоқ, тамақ та іше алар емеспін. Мен шексіз бақыттымын әрі ризамын. «Қазақфильмге» және түсірілім тобына алғыс айтамын.
Дильназ Нұрсейіт, Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек және Ху Джун сынды әріптестеріме де рахмет. Құттықтау мен жылы сөздеріңіз үшін баршаңызға алғысым шексіз», – деді актриса инстаграм парақшасында.

Аталған лентада отандасымыз Берік Айтжанов және Қытай елінің танымал актерлары Ху Цзюнь, Юань Цуань да бой көрсетеді. Сондай-ақ, «Композитор» фильмі аталған премияда «Үздік ер адам рөлі», «Үздік бірлесе түсірілген фильм» , «Үздік саундтрек» номинацияларын да ұтып алды.

Естеріңізге сала кетсек, Аружан Жазылбекова алғашқыда көрермендерге телесериалдар арқылы танылып, кейін отандық киноиндустрияға жолдама алған-ды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close