Басты жаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоумен & ТұлғаӘнші

Рүстем Нұржігіт: Бәрін ұмытып, ұтамын деген үмітте болу керек

DSC00128

Қайырлы күн Рүстем,сіз бізге алғашқы рет сұхбат беріп отырғандықтан сөз басын туған жер,өскен ортаңыздан бастасақ?

Менің туған жерім Қызылорда қаласы,бір жастан асқан кезімде әкем осы Құрманғазы атындағы концерсерваториясында оқып жүрген,сол кезде Алматы облысы Есік қаласына көшіп келдік.Отбасында үш баламыз,екі әпкем бар.Екінші әпкем алты жасында Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке оқуға түсті.Бірінші және екінші сыныпты орыс мектебінде оқыдым,кейін осы Есік қаласындыға музыкалық мектепке бардым.Онда фортепиано классында оқыдым.Кейін әпкелерәме еліктеп менде Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке бағым келді,музыкалық білімімді шыңдау мақсатында Алматыға келдім.Мектепті бітіргеннен соң,П.И.Чайковский атындағы училищеге түстім,оны аяқтап Құрманғазы атындағы концерваторияға түстем,оқып жүріп Ұлттық Ұлан гвардиясы,соның ішіндегі президенттік оркестрде жұмыс істемдім.

Менің білуімше сіздер семьялық ансамбль болыпта өнер көрсеткен екенсіздер?

Бала кезімізде 1984-1985 жылдары  әкем ұйымдастырған «Нұржігітовтер» ансамбльі болған.Осы жылдары семьялық ансамбльдер байқауы болып біз өнер көрсеткен болатынбыз.Бас жүлдені алып,Алматы қаласындағы «Қазақстан» ұлттық арнасында біздің жанұямыз туралы түсірілетін бағдарламаға жолдама алдық.

Сіз Арман Дүйсеновпен топ болып ән айтқансыз дейді сол распа?

Иә рас.Біз Арман екеуіз 1995 жылы «Достар »тобын  құрып,«Жас қанатқа» қатысқан болатынбыз.Ол кезде әнімізге өңдеу жасатуға қаражат жоқ болғандықтан,жатақханадағы достарымыздан магнитофонын сұрап алып,Арман муыкаға сүйемелдеп мен ән айтып жазып апарған болатынбыз.Байқауға қатысу үшін бізге шарт қойды,өңдеу жасату керек деген.Сол кезде Бейімбет Кеңесбайұлы Демеуов ағамыз қолдау жасаған болатын.

Бірақ топ тарап кеткен екен,содан кейін тағыда топта өнер көрсеттіңіз бе?

Мұрат Құсайновтың баласы Данияр Құсайновпен 2002 жылы «Алан» тобын құрдық.Топ тағдыры тағы ұзаққа созылмады.2004 жылы Ринат Гайсинмен кездесіп Бейбіт Кушкалиевпен танысып «KZ» тобын құрдық.

_MG_6554

Топтың атын «KZ» деп қою кімнің ұсынысы?

Топ құрылған кезде Ринат Гайсин мен Нұрлан Абдуллин бізге продюсер болды.Бәріміз топқа ат іздеп ақылдасып отырған кезде Нұрлан Абдуллин ағамыз «KZ» болса,қалай сендерге ұнайдыма деді,атауы қысқа болғанымен астарында көп мән бар деп ұғып,осы атауды қалдырдық.

Топ тағы тарады оған не себеп?

Бейбітпен бірге жеті жыл жұмыс істедік.Бейбіт Мысырға оқуға кетті жарты жылға,одан кейін хабарласып тағы жарты жыл қаламын деді,бір жылдан кейін келіп тағы Малазияға оқуға кетті.Кейін келіп өнерді тастаймын деді.

Өнердегі біліміңіз жетік екен,қазір «Қазақстан даусы» жобасында тәлімгерсіз,қазірге жастардың өнерге деген қызығушылығы қалай?Вокалдан сабақ алып жүргендер бар,қызығушылықпен келгендері бар оған көзқарасыңыз?

Вокалдан дәріс алып жүргендерде бар,қызығушылықпен жүргендерде бар.Қызығушылықпен келгендердің ойлары өзгереді деп ойлаймын,себебі ол үлкен жоба,оған жәй ғана көре салайын деп келмеу керек.Бәрін ұмытып,ұтамын деген үмітпен келу керек,тіпті ұтпаса өнерімді көрсетемін деген үмітпен келу керек.

Сұхбаттасқан Думан Гүлбаршын

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close