InstaNewsЖаңалықтарСән

Масқара! Экс-депутат Динагүл Тасова тағы да сән сахнасына жалаңаш шықты

Атышулы Динагүл Тасованың басы тағы да дауға қалды. Келеңсіз жағдайдың туындауына сәнбикенің соңғы посты себеп болды деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше Петропавл қаласында отандық дизайнерлер мен модельдердің қатысуымен Petro Fashion Event көрсетілімі өткен еді. Аталмыш іс-шараға атышулы Динагүл Тасова кезекті рет ашық образда сахна төріне шықты.
«Кеше Петропавл қаласында Petro Fashion Event өтті. Бұл қала дизайнерлерінің ұйымдастырып отырған алғашқы сән көрсетілімі. Іс-шараға жергілікті 5 дизайнер мен 26 модель бой көрсетті. Мені Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртқан болатын. Ерекше назарларыңыз үшін, құшақ жая қарсы алғандарыңызға алғысым шексіз. Жоба авторлары ел астанасында өтетін іс-шаралар дәрежесінен кем түспеді», — деп Динагүл іnstagram парақшасына жазба жүктеді.

Үнемі сынға ілігетін Тасованың постына пікір білдірушілер өз ойларын жарыса жазған. Бірі Динагүлге сән сахнасында сәттілік тілесе, екінші тарап сынға алуда.

«Масқара!», «Астана қаласының жастар маслихатының депутаты, ура», «Қазақ атын жамылып жүруге мүлде лайық емессіз! Аруларымыздың арын таптап жатқан заманда еңсемізді биік көтеретін арулар азайып, жартылай жалаңаш денесін паш ететін сіздейлерден сақтасын», «Тыр жалаңаш шығу керек еді, Тасова» – деп жағымсыз пікірлерді қарша боратқан.


Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы бас қалада өткен сән көрсетілімінде Динагүл алғаш төсін жалаңаштап подиумға шыққан еді. Дәл осы іс-шарадан кейін кеудесін көрсеткені үшін жылдар бойы кездесіп жүрген сүйіктісі жұдырықтаған болатын. Көгала қойдай сабаған денесіндегі іздермен түскен суреттерді де әлеуметтік желіге жүктеп, ашық жариялады. Дәл сол сәттен соң Динагүл елдің назарына іліккен еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close