InstaNewsЖаһан жұлдыздарыКино & ТеатрПродюсерШоу бизнес

Марк Дакаскос: «Фильм ұнады. Үлкен рахмет!» Әйгілі актер «Томирис» туындысына жоғары баға берді

Күні кеше АҚШ-та «Томирис» кинокартинасының жабық көрсетілімі өтті. Бұл жолы тарихи туындыны «Алтын Глобус» премиясының мүшелері тамашалаған, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі

Аталмыш фильмнің Лос-Анджелесте көрсетілуіне бірден-бір ықпал еткен – Гаухар Нұртас. Бұл жөнінде кинопродюсер өзінің instagram парақшасында жариялады.

«Алға, Қазақстан! Біздің таланттарды бүкіл әлем танысын. Бұл жолы Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмін көрермен назарына  ұсындық», — деп жазды.

Қазақ киносын шет елде насихаттап, қолдау танытқан атышулы продюсерге желі қолданушылары алғысын жаудырды.

«Жарайсыңдар!», «Сізге үлкен рахмет! Шынымен, Қазақстанның жас таланттарына көп іс жасап жүрсіз», «Еңбегіңіз жемісті болсын», «Сәттілік сізге! Қазақстанымыз әлемге танымал болсын, сіз септігін тигізіп жатқаныңызға қуаныштымыз. Гаухар өте сұлусыз!», — деді оқырмандары.

Ақан Сатаевтың фильмін тамашалаған танымалдар тізімінде әйгілі Марк Дакаскос та бар.

«Гиа, (Гаухар Нұртас) шақырғаныңа үлкен рахмет! Біз уақытымызды жақсы өткіздік, фильм ұнады!» — деді Голливуд жұлдызы.

Айта кетейік, «Томирис» тарихи туындысы отандық прокатқа 27 қыркүйек күні жол тартқан еді.

Тарихи драманың актерлық құрамы – Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Берік Айтжанов және Азамат Сатыбалды сынды отандық танымал жұлдыздардан жасақталған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close