Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

«Тойдың күні алыс емес!» Тәуекел теңін тапты

Некесін қидырған Мүсілімнің бойдақтығына тұсау салынды. Өнер иесі Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында, үйлену тойын келесі жылға жоспарлап жатқанын мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Тәуекелді талай қызбен жұптастырғанымен, ол шын ғашығын әлі жолықтырмағанын журналистерге жиі айтатын. Әйтсе де, актердың артынан аз сөз ермеді. Көпшілік кинодағы серігі Гүлназ Жолановамен қосса, енді бірі қырғыз қызымен көңіл жарастырғанын жазған еді. Бірақ күні кеше мешітте мұсылмандық жолмен неке қидырған Мүсілім, бұл жолы теңін рас тапқан секілді.

«Тойдың күні алыс емес. Келесі жылға жоспарлап жатырмын. Сүйіктім жайлы уақыты келгенде айтамын», — деп қысқа қайырды Тәуекел.

Мүсілім әулетінде көп ұзамай ұлан-асыр той күтілуде. Шоу-бизнестегі басы бос серілердің  саны сирегенімен, еліміздің спорт саласында да сүрбойдақтар жетерлік. Мәселен, отандық ММА-дің өкілі Қуат Хамит. Ол орда бұзар жастан асса да, жанұялық өміге жүрексініп жүргенге ұқсайды.

«Ата-анам үйленуің керек, немере сүйгіміз келеді, деп айтады. Бірақ мен спортта жүргендіктен, отбасын құрғаннан кейін ол жағы қиындап кететін сияқты. Кішкентай бала дүниеге келеді, жұмыс көбейеді дегендей. Қазіргі өмір сүру салтыммен шаңырақ құруға әзір емеспін», — дейді Қуат.

Отбасылық өмірден бұрын мансабын бірінші орынған қоюда Тәуекел мен Найманның ұстанымы ұқсас боп шықты. Десе де, шаңырақ көтеру жоспарында барын жасырмады.

«Спорттық  мансабыма 4-5 жыл қалған шығар, деп ойлаймын. Алла бұйырса, алдыма қойған арман-мақсаттарыма орындалса, алдағы бір-екі жылда үйленемін», — деді спортшы.

Жұлдызды бойдақтардың тұрақты тізімінде Әли есімі де жиі айтылады. Әйтсе де Оқапов отызға дейін отау құрамын деп өзіне серт берген.

«Менде бір жарым жыл ғана қалды. Сондықтан мақсат, жоспар бойынша барлығы реттеліп жатса, осы жақында тойым болады. Себебі, сүрбойдақтар қатарында болудан шаршадым. Жасым 28-ге келді. Сол тізімнен неге шықпасқа?» – дейді әнші.

Отандық шоу-бизнесте отыздан асса да отағасы атануға асықпайтын азаматтар легін Әлішер Кәрімов, Кентал және Қайрат Түнтеков сынды танымалдар толықтырды.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close