Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаСәнШоу бизнесӘнші

Анар Батырхан: «Make up әртістеріне сенбеймін»

Отандық өнер иелері мен визажистер арасында ашық айқас басталды. Шоу-бизнестегі сылқымдардың салғырттығына Санди Бексырға жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бүгінгі таңда шоу-бизнестегі бикештер косметикасыз көпшілікке көріне бермейтіні жасырын емес. Табиғи түрінен ұялып, бояудың құлына айналған сылқымдардың саны артып, мейк-ап шеберлеріне деген сұраныс та жоғарылаған. Бірақ кәсіби мамандарға әртістер қауымының көңілі тола бермейді. Мәселен, Анар Батырханның отандық визажистерге өкпесі қара қазандай.

«Make up әртістеріне сенбеймін. Себебі, мені көбі  дұрыс бояй алмайды. Бетімді өзімнен өзге ешкім сезіне алмайтын сияқты. Сондықтан да қолымнан келсе, неге өзіме боянбасқа?!», — дейді актриса.

Анар мен Динараның ұстанымы ұқсас. Бес баланың анасы қолы қалт етсе курстарға қатысады.

«Мен екі апталық «сам себе визажист» деген арнайы курсты бітергенмін. Сондықтан концерттерге, түрлі шараларға еш қиындықсыз өзім боянып шыға берeмін», — дейді әнші.

Визажистерге көңілі толмайтын сылқымдардың сөзімен Санди Бексырға келіспейтінін айтты. Әлемдік әртістердің бетін әрлейтін танымал визажист өнер өкілдерінің талғамына күмәнді.

«Оларды арзан косметикамен бояп, қандай да бір шараларға дұрыс дайындамағандықтан сондай сенімсіздіктер болған шығар. Бірақ мен қазір CC Catchпен жұмыс істеп жатырмын. Ол кісінің өзі еңбегімді бағалауда, бұл мен үшін үлкен мәртебе», — дейді Санди.

Ал, Жазира Байырбекова кез келген визажистке көңілі толатынын алға тартты. Десе де, өзің боянып көпке күлкі болғанша, кәсіби мамандардың көмегіне жүгінгеннің дұрыстығын жеткізді.

«Бұрын көбінесе өзім боянатынмын. Бірақ қазір барлық қалаларда жерде тіпті, ауылдарда да визажистер бар. Мемлекетіміз ол жағынан дамыды», — дейді әнші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close