ЖаңалықтарКино & ТеатрПродюсерТұсаукесерШоу бизнесӘнші

Қайрат Нұртас, Баян Алагөзова, КешYOU және Ninety One! Отандық шоу-бизнестің кілең брендтерді біріккен картина көрермен көңілінен шықты ма?

Қайрат Нұртас, Баян Алагөзова, КешYOU және Ninety One! Отандық шоу- бизнестегі кілең брендтердің басын бір туындыға тоғыстырған Рашид Сүлейменов күні кеше су жаңа картинаның тұсауын кесті, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Қайрат Нұртас, Баян Алагөзова, КешYOU және Ninety One! Отандық шоу- бизнестің кілең брендтері бір кинода бой көрсетті. Үлкен экранға жол тартқан «Зеркала» фильмінің желісіне марқұм Денис Теннің өлімі арқау болған.

«Бұл фильмнің идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болды. Осы уақыт аралығында өз басым үш рет көлігімнің айнасын ұрлаттым. Денис Тенге қатысты қайғылы оқиғадан кейін идея жүзеге асып, сценарий де бірден жазылды», — дейді режиссер Рашид Сүлейменов.

Аталған фильмде басты рөлді Аян Өтепберген ойаған. Актер қарақшылардың серкесін сомдайды. Бірақ, алғашқыда бұл картинаға түсуден бас тартқанын айтады.

«Шынын айту керек, басында менің түскім келген жоқ. Өйткені, сценарийді оқып шықтым да, ойландым қалай болады екен деп. Білмеймін, басында мен оқыған кезде қатты саяси астары бар болған сияқты да. Мүмкін мен осылай қабылдаған шығармын. Бірақ, кейін ойлана келе неге түспеске, неге айтпасқа деген ой келді», — дейді Аян Өтепберген.

Толық метрлі картиналарда тек эпизодпен шектелетін «КешYOU» тобының экс-әншісі Элизат бұл жолы басты рөлге бекітілген. Жұлдыз есімді кейіпкердің образын сомдаған бикешті өнердегі құрбылары қолдап келіпті.

 «Элизат бұған дейін де киноларда ойнады. Енді оның сендіріп ойнайтынына күмәнім болмады. Элизатқа  алда да осындай жетістіктер тілеймін», — дейді Балжан Бидаш.  

Айтпақшы, алғашқыда фильмге түсуге Ninety One жігіттер де  талпынған. Алайда, іріктеу нәтижесінде Азамат Ашмақынға ғана сәттілік серік болыпты.

«Негізі, кезінде Азамат Ашмақын актер мамандығын түскен. Бірақ оқуын аяқтамаған. Бүкіл балалардың арасынан таңдайтын болса, нағыз енді қыр-сырын білетін сол. Негізі режисердің өзі үш баланың ішінен таңдады. Үшеуі кастингтан өтіп жүрді. Содан ішінен Эйсті өзі таңдады», — дейді атышулы топтың продюсері Ерболат Беделхан.

«Заркала» лентасында жұмыссыздық, жоқшылық, мұқтаждық суреттеледі. Фильмде ағайынды бауырларды ұрлыққа итермелеген де осы жағдай. Бірақ, шытырман оқиғаға толы картинаның табысына, комедияға көзі үйренген көрермен алаңдаулы.

«Комедия  касса жағынан үлкен ақша алып келетін жанр. Бірақ, дәл осы «Зеркала» сияқты шытырман оқиғаға толы фильмдер көптен көп түсірілу керек. Тәрбиелік мағына жағынан маңызы зор. Дегенмен осындай фильм түсіріп, халықтың  құрметіне бөленіп жүрген режиссерлар өте аз», — дейді актер Артур Төлепов.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close