InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

«Ақша не істетпейді!» Туған күніндегі қымбат сыйлықтарымен мақтанған Алтынай Жорабаева сынға ілікті

Бүгін Алтынай Жорабаеваның туған күні. Әнші меншікті мерекесіне тарту еткен сыйлықтары мен қымбат бұйымдарын желіге жүктеп, оқырмандарынан сөз естіді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Алтынай Жорабаева жеке парақшасында отбасының түнгі 12-ден кейін туған күнімен құттықтаған сәтін жариялады. Әншінің ата-анасы қыздарына айтпай келіп, қуанышына ортақтасқан. Instagram-ға жариялаған бейнежазбада Жорабаеваның сондай құттықтауды күтпегені байқалады. Тосын сый, қымбат тартулар әншінің көңіл-күйін көтергені көрініп-ақ тұр. Бірақ, қуанышты сәтін желіге жүктеген туған күн иесінің әрекеті оқырмандары сынға алды.

«Барлық әншілердің ақырындап қадірі кетіп барады. Ақша не істетпейді? Біреу тойып, ал біреуі тоңып секіреді», «Не деген тәлпіштік? Сау ма әлде қызулау ма түсініксіз… », — деп желі қолданушылары әншіні сынға алды.

Ғаламтор қолданушыларының басым бөлігі Жорабаеваға жағымсыз жазба қалдырса, әншінің әріптестері жылы лебіздерін жаудыруда.
«Алтошка, келген жасың құтты болсын! Бар жақсылықты тіледім, жаным»,- деп Данагүл Темірсұлтанова ағынан жарылса, Қаракөз Сүлейменова: «Жаным, бақытты бол! Бар жақсылықты тіледім!»,- деп ақ тілегін білдірді.

Сондай-ақ, бүгін ҚР халық әртісі Роза Рымбаева 62 жасқа келсе , Әлішер Каримов 34-ші туған күнін тойлауда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close