InstaNewsЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыШоу бизнесӘлем ЖұлдыздарыӘнші

Qazaq – бренд! Димаш ерекше бас киіммен америкалықтардың көзіне түсті.

Құдайбергенді АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының әуежайынан жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Дүниежүзін кең диапазонымен дүр сілкіндірген Димаш, бұл жолы бас киімімен жаһан жұртшылығының назарын өзіне аударды. Әншінің образын тек америкалықтар ғана емес, Қазақстанның эстрада жұлдыздары да бірден байқаған.

«Қазақ деп соққан жүрегіңнен сенің! Алла тіл-көзден сақтасын, Дималек!», -деді  Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында.  

Димаш жеке парақшасында Нью-Йоркте жанкүйерлерімен жүздескен сәттегі бейнежазбаны жариялаған уақыттан бастап, әншінің оқырмандары секунд сайын пікірлері мен ізгі- тілектерін  жаудырған.

«Димаш – жұлдыз! Әлемдік жұлдыз! Аман бол! Димаштай баламызға  Алланың берген бақыты баянды болсын. Қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан баламыз аман болсын. Біз тілекшіміз! » — десе, енді бір оқырманы жарияланған пост астына қазақ халқына деген өкпе ренішін білдірген. «Қазақтар бағаламап еді. Қанша конкурсқа қатысса да ешқайсысы бағаламады. Ал, ол қазақтың атын шығарып жүр. Димашқа Алла жар болсын!» — дейді Назерке атты желі қолданушысы.

Айта кетейік, Димаштың Arnau атты турнесі жалғасуда. Әншінің жұмыс кестесіне зер салсақ, қарашаның 29 күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында,  10 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк шаһарында шығармашылық кеші өтеді.  Дәл қазіргі уақытта Құдайберген әлемдік әнсапарына қызу дайындық үстінде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close