Басты жаңалықтарЖаңалықтарЖаһан жұлдыздарыМузыкаСұхбаттарШоу бизнесӘлем ЖұлдыздарыӘнші

Димаш #Arnau атты әлемдік турнесімен Украинаға аттанбақ!

Димаш Құдайбергеннің жеке кеші Украина мемлекетінде де өтетін болды. Бұл жайында әншінің өзі инстграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ShowNews.Kz ақпараттық порталы.

Дүниежүзін кең диапазонымен дүр сілкіндірген Димаш, әлемнің әр жеріндегі тыңдарманын қуантудан жалығар емес.

«Димаштың Халықаралық бағытта көптеген концерттері жоспарланған», — дейді әкесі Қанат Айтбаев.

Димаштың «Арнау» атты турнесі аясындағы кезекті кеші  29 қараша Ресейдің Санкт Петербург қаласында жалғасса, 10 желтоқсан күні Нью-Йорк шаһарында өтеді. Әншінің әр елдегі көрерменіне әзірлеген жеке концерті мұнымен шектелмейді.

«Құрметті достар! Наурыздың ​11-інде Киев қаласында Украинадағы алғашқы жеке ән кешімнің өтетінін хабарлаймын. Бұл қуанышты жаңалықпен сіздерді және өзімді құттықтағым келеді. Айтулы концертте баршаңызды тағатсыздана күтемін», — деді Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазақ қашанда өнерпазға кенде емес. Алайда, Әміредей әлем танитын әншінің қайта туатынын армандаған жандар көп-ақ. Соның бірі – Сәкен Майғазиев.

«Қашан біздің отандық әншілеріміз, қазақ әншісі әлемнің таңдайын қақтырады, деп іштей қызғаныш болатын. Аллаға шүкір, арманымыз орындалып Димашымыз әлемді бағындырды», — дейді Сәкен Майғазиев.

Жасыратыны жоқ, іргемізде жүрген дарын иесі Димаш Құдайбергенді бізден гөрі шетел бірінші таныды. Осылайша, алпауыт елдерде өткен додаларда оза шапқан Димаштың атағы аспандап, өнер көгінде жұлдызы жарқырады.

«Димаштың өлеңіне емес, даусына бола келетін сияқты көбісі. Қазақ елінің абыройын қорғап жүрген, атын әлемге танытып жүрген, тірі аңызға айналып жатқан бауырымыз үшін біз өте қуаныштымыз», — дейді «Меломен» тобы.

 

 

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close