Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

Актриса Айым Сейтметова шоу-бизнеспен қош айтыспақ!

Күні кеше тұрмыс құрған Сейтметова шығармашылықтан қол үзетіні жайлы мәлімдеме жасады. Жас келіннің мұндай шешіміне не түрткі болды? Танымал актриса тың ақпаратты алғаш рет ShowNews.Kz тілшісіне ашып айтты.

Әуелде отандық сериалдар арқылы танылып, кейін Yuframe ұжымымен вайнға түсіп бағы жанған бикеш енді көгілдір экран мен интернет аудиториясынан да біраз уақытқа алшақтамақ.

 «Уақытша шығармашылық жұмыстарымды тоқатамын. Себебі, мен үшін отбасым маңызды. Тұрмыстағы әйел болғандықтан жанұяма көп назар аударуды дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан алдағы уақытта көгілдір экраннан жиі шықпаймын», — дейді Айым Сейтметова.

Актрисаның алдағы жоспары осындай. Бірақ Талғат Айымның шығармашылығын жалғастыруға мүлде қарсылық танытпайды. Керісінше қолдау көрсетіп, демеуге даяр!

«Мен Айымға ешқандай тыйым салмаймын. Керісінше қолдаймын. Айым өзін қалай ұстау керек, не істеуге болмайтынын өзі жақсы біледі», — дейді отағасы Талғат Итаев

Yuframe командасының белді мүшесі Айым бұл шешімін әріптестеріне айтпаған. Ал ұжымның той алдында құрған жоспары шаш етектен. Десек те,  шығармашылықты бір шетке ысырып, жанұялық өмірге көңіл бөлуді құп көрген қалыңдықтың қадамына достары түсіністік танытып отыр.

«Біз Айыммен ешқашан қоштаспаймыз. Керісінше оның тұрмыс құрғанына қуанамыз. Алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтін боламын. Енді вайн емес, кино түсіру жоспарымызда бар», — дейді блогер Артур Асқарұлы.

Дәл қазір Сейтметова келіндік міндетін атқаруда. Актриса Балидегі бал айынан кейін шоу-бизнеске мүмкін қайта оралар!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close