Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

Айым Сейтметова ақ келін атанды. Танымал актрисаның тойы қалай өтті?

Отандық шоу-бизнесте дүбірлі той! Күні кеше Айым Сейтметова ұясынан ұшты.

Жас жұбайлардың қуанышында ұлттық  киім, арнайы қойылым, кәсіби актерлар тойдың сәнін кіргізді. Өнерлі отбасы салт-дәстүрді ұстанып, кіші Сейтметованы батыс өңіріне ұзатты. Сценарий бойынша қалыңдықты қайын жұртымен таныстырды, сәлден соң күйеу жігіт те ортаға қосылды. Бір күнде екі тойды қатар өткізген жаңа құдалар,  алдымен қызды ұзатып, кейін неке қию рәсіміне ұласқан.

«Менің ойымша, екі той жасау ақшаны босқа шашуға әкеледі. Сонымен қатар, бұл күнді дүркіретін өткізу сәннен қалған.  Тойдың бір күнде аталып өтуі маған ұнайды. Барлық қазақ халқы осы форматқа үйренсе екен деймін», — дейді Айым Сейтметова.

Актриса қуанышты сәтін тың форматта өткізуді қалған. Әдетте, қазақ халқында екі тойды жеке атап өту қалыптасқан еді. Алайда, бұл үрдісті жас жанұя құптамады. Алғашқыда қос тарап  ғашықтардың шешіміне  қарсы келгенімен, той күні жақындағанда ойларын өзгерткен. Ал қалыңдықты ата-анасы қимай жүр.

«Біз біраз уақытқа дейін Айымның тұрмыс құратынын мойындай алмадық. Кешеде сырға салу рәсімінде басқа үйде, басқа қыздың тойында жүргендей болдым. Қазірге дейін қызымның ұзатылғанына сене алар емеспін. Қызымның  тұрмысқа шығатынын мойындай алмаймын», — дейді қалыңдықтың әкесі Азат Сейтметов.

«Біртүрлі түсініксіз жағдайда тұрмын. Түсім бе, әлде өңім бе мойындай алмай жатырмын. Не болса да балаларымыз бақытты босын. Мен ана болғаннан кейін қызымды қызғанып, жат жұртқа жібергім келмесе де көнемін. Екеуінің көзқарасына қарап махаббаттары шынайы екені қуантады», — дейді Айымның анасы.

Екі жастың тойы өткен мейрамхана 250 адамға арналған. Зал лық толы. Десек те, шақырылмаған меймандар Айымның ата-анасына ренжіп жатқан көрінеді.

«Шақырылмаған өнердегі әріптестерім ренжіп жатыр. Бірақ, мен үшін 250 адамның өзі көп. Бұдан артық қонақтарды шақырмаған себебім, салтанат сарайына 250-ден аса адам сыймайды. Келмеген жақындарыма айтарым ренжімеңіздер. Жағдай солай болып қалды. Бірақ, осындай қуанышты сәтте ешкімнің ренжуге құқысы жоқ деп ойлаймын. Егер дәл осындай жағдай менің басымда болатын болса, мүлдем ренжімейтін едім. Тек қана бақыт тілеп, ізгі ықыласымды білдіремін», — дейді актриса Данагүл Темірсұлтанова.

Айымның қуанышына ортақтасқан қонақтар қатарында отандық танымал вайнерлер де бар. Нағимуша, Жека, «Юфрейм»  ұжымы жас отбасына   қаржылай құрмет көрсетті.

«Біз жастарға ең алдымен бақыт тілейміз! Армандары орындалсын. Бүгін біз Талғат пен Айымға ақшалай сый тарту етуді жөн көрдік. Өздері қалаған заттарын сатып алсын», — дейді танымал блогер Артур Асқарұлы.

Қуанышты күн Сәкен Майғазиевқа ерекше әсер еткен сыңайлы. Бұл кеште Музарттық әнші осыдан 20 жыл бұрын өткен тойын еске алып, ностальгияға бөленді.

«Енді біздің кезіміздегі той – палаткадағы той ғой. Мақтаман жазып қоясың «Сәкен Динара» деп. Біз жұбайым екеуміз үйленгенде  ауыл тойын ғана жасадық. Беташар болды. Құдайға шүкір! Дүркіретіп осылай миллиондап ақша шашып, той жасамасақ та бақытты өмір сүріп жатырмыз. Кейінге шегінетін болсақ, байырғы  заманда да жақсы тойлаған кездер болды.  Ата-бабамыз отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлаған», — дейді Сәкен Майғазиев.  

Атаулы күнде актриса жайлы  айтылар естеліктер аз емес. Тойдың қадірлі қонағы Азамат Сатыбалды  Айымның бала күнін  еске түсірді.

«Айым менің көз алдымда өскен қыз. Мен оны кішкентай кезінен білемін. Тіпті, бір уақытта Айым мен Айшаны Азат аға ауырып қалғанда он күн мектепке тасығанмын. Қазір есіме түсіп отыр. Сол кезде Айым өте пысық болатын. Көліктен бірінші түседі, көлікке бірінші келетін. Өзі сондай кішкентай болса да пысық болатын. Міне, бүгінде пысықтығын көрсетіп, әпкесінен бұрын тұрмысқа шығып отыр. Өте тамаша», — дейді актер Азамат Сатыбалды.

Бұл күннен сәттен бастап  Талғат пен Айым заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Таяуда жас жұбайлар бал айын атанады.

«Иә, сондай жоспарымыз бар.  Бірақ жаңа жылдан кейін. Бізде кішігірім жол сапарлар бар. Бірақ, олар жұмыс барысымен. Жаңа жылдан кейін барамыз, әрине! Әлі ойланудамыз. Балиге барамыз деп жоспарлаудамыз», — дейді жас жұбайлар Талғат пен Айым.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close