Басты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Айқын екі әйеліне бір той жасап бермек

Айқын соңғы посттарының бірінде екі әйелден туған перзенттерінің қуанышын бірге тойлайтынын айтып, желіге жазба жүктеді. Десе де, әншінің бұл қадамын оқырмандары құптай қоймады, деп хабарлайды ShowNews.Kz ақпараттық порталы.

Жанұясындағы жоспарын желідегілермен бөліскен Айқынның басы дауға қалды. Әкесі бір, аналары бөлек  балалардың ортақ тойына оқырмандары жатырқай қараса керек, бірден жағымсыз пікірлерін қарша боратты.

«Аналары бөлек той қалай болады екен, қызық! Екеуінің нағашылары бөлек дегендей… Екі әйеліңіз де тойда бола ма? Жаман ойым жоқ, жай қалай болар екен дегенім ғой. Бірінші әйеліңізсіз той болса қызына да, анасына да обал», «Екі әйелің бір тойда жүре ме сонда? Әйелдерінде мүлде намыс жоқ екен», деп жарыса жазды желідегілер.

Төлепберген алғашқы некесінен туған қызы Асылымның тілашары мен  екінші отбасындағы Санжардың сүндет тойын бір кеште қатар өткізуді жөн көреді. Әншінің бұл жазбасын оқыған көпшілік Әсел мен Жұлдыздың шешімі  деп ойлаған. Алайда, Айқын көптің ойын жоққа шығарды.

«Жоқ, бұл менің өз шешімім. Шығаруға, айтуға болатын нәрселерді инстаграм желісіне өзім жариялаймын.  Ал шығармайтын нәрсені сыртқа шығарып қажеті жоқ. Жазылмаған жараның бетін тынап қайтеміз.  Керек емес деп ойлаймын.  Әйтеуір керек информациямен мен өзім бөлісіп жатырмын. Одан артық ештеңе айта алмаймын», — дейді Айқын.

Санжар Айқынұлының инстаграм желісінде 30 мыңға жуық  оқырманы бар. Бірақ, жұлдызды әке алғашқы некесіне туған Аңсар мен Асылымға жеке аккаунт ашуға асықпайды.

«Аңсар мен Асылымның анасы балаларға арнайы парақша ашпай-ақ қойшы деді. Ал, Санжардың мамасы ашайық деді. Сөйтіп аштық. Бұл өздерінің шешімі. Көреміз, өзі өскенде ашатын шығар. Әзірге қажеті жоқ», — дейді Төлепберген.

Айқын мен Жұлдыздың ортақ ұлы Санжар әлеуметтік желіде белсенді болса,  Төлепбергеннің ең үлкен атұстары Аңсар спортқа бейім. Тұңғышының тығыз кестесі анасы Әселдің жіті қадағалауында екен.

«Балам өзі спортқа жақын. Джиу-джитсумен айналысады, шахматпен айналысады, кубик-рубикпен айналысады. Өзі спортты жақсы көреді. Мамасы спортты жақсы көргеннен кейін, баланы да спортқа беру керек деп ойлаймын. Үйде телефонда отырғаннан гөрі,  спорт залға барып дайындалған дұрыс», — дейді Айқын Төлепберген.

Жұлдызды әке екі некесінің ортақ қуанышының мерзімін  белгілеп қойған. Бірақ әзірге құпия ұстауды жөн көреді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close