ЖаңалықтарШоумен & Тұлға

«Жылап жібергім келді» Тұрсынбаеваның зәресін ұшырған кім?

Суырып салма сөздің шебкрі атанған айтыскер Айнұр Тұрсынбаева сахнада ыңғайсыз жағдайға қалды.

Кезекті айтыста қарсыласы Балғымбек Имашевпен айтысып отырған сәтте ортаға сандық әкелініп, Тұрсынбаеваға тосын сый жасалынады. Талай жылдық қарсылыстығында айтыскерге Имашев «анаконда» деген айдар тағып қойғаны бар еді. Сол атауды қайта есіне салғандай әзілі жарасқан айтыскер тура саханадағы сандықтан тірі жылан алып шықты. Бұндай сыйды күтпеген Айнұр қатты қорыққанын жасырмады. «Халықтың алдында абыройдан айырыламын ба, ана жылан үстіме секірсе қайтемін, жылап жібергім келді» дейді өз сөзінде. Расында, түсі суық жорғалаушыдан қашқақтап сахнада азар да безер болған тек Айнұр емес, әріптесі Сара Тоқтамысова да бар еді. Айтыскерлердің жарасымды қалжыңы халықты күлкіге қарық қылды.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close