Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

«Ничего личного» телехикаясының тұсаукесері өтті.

Кеше, яғни 3 қыркүйек күні «Сарыарқа» Kinopark кинотеатр желісінде «Ничего личного» немесе «Бақытыма сенемін» телесериалының ресми тұсаукесер көрсетілімі өтті.

ничеголичного

Айта кетейік, бұл телехикая«Bernays» компаниясымен бірлесе, «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген болатын. Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері мен телехикаяда түскен атақты актерлар Бибігүл Ақтан, Жәния Джуринская және Данияр Алшынов та қатысты. Алдын ала көрсетілімде сериалдың 2 сериясын көпшілікке ұсынды. Кино желісі бойынша Арсен (Шер Әлі) атақты кәсіпкердің баласы. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісін соққыға жыққаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылады.Гүлдерді отырғызу мен көшелерді сыпыру «қызметі» қылмыс жасаған жердің маңында болып жатады. Арсеннің қызыққұмар достары оның мұндай жаңа «қасиетін» байқаған соң, бәс тігуге шақырады. Бұл оқиға басты кейіпкердің өмірін мүлдем басқа арнаға бұруға септігін тигізеді. Жобаны жүзеге асырушылардың арасында «Кухня», «Анжелика», «Интерны» және «Универ» секілді атақты ресейлік телехикаялардың авторлары да бар. Бас режиссер – Станислав Булов.14 сериядан құралған телехикая қазақ және орыс тілдерінде жүреді. Телехикая «Хабар» арнасынан 7 қыркүйектен бастап сағат 21.30-да көрсетіледі.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close