ЖаңалықтарПродюсер

Баян Есентаеваның сұхбатының жалғасы болады

Баян Есентаеваның берген эксклюзивті сұхбатының жалғасы шығады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Журналист Динара Сәтжанға берген экслюзивті сұхбатының екінші және үшінші бөлімдерінде продюсер болған оқиға балаларына қалай әсер еткенін және болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы тележүргізуші және Баян Есентаеваның жақын құрбысы Динара Сәтжан айтты.
Тележүргізушінің айтуынша, бұл сұхбатты Есентаева көпшілік арасында жалған ақпараттың таралмауы үшін берген.

— Біз 23 минутқа созылатын сұхбат жасауға шештік. Себебі, көпшіліктің көкейінде сан түрлі сұрақтар жүр, олар Баянның түрін көргісі келді. Таралып кеткен жалған ақпараттар, ойдан шығарылған деректер де көп болды. Сұхбаттың бірінші бөлімінде біз ақпараттарды Баянның өз аузынан нақтылау қажет деп шештік. Жуырда сот болады, сондықтан халық дәл сол күні нақты не болғанын білуі қажет, — деді тележүргізуші.

Ашық әңгіменің екінші және үшінші бөлімдерін көрермендер шамамен екі аптадан соң көре алатынын атап айту керек.

— Баянмен болған сұхбаттың екінші және үшінші бөлімдерінде ол өз ойы туралы, балалары бұл туралы не ойлайтынын және ол болашақта немен айналысатынын айтты. Шамамен бір-екі аптадан соң желіде екінші бөлігі жарыққа шығады. Сот алдында жалған куәгерлер мен шындыққа жанаспайтын деректер пайда болуда. Сондықтан, сұхбаттың бірінші бөлігінде болған жайттың анық-қанағын зардап шеккен адамның өз аузынан  жеткіздік, — деп қорытындылады Динара Сәтжан.

Еске салсақ, таяуда желіде Баян Есентаеваның соққыдан кейінгі берген алғашқы видеосұхбаты жарияланған еді. Онда продюсер 10 маусым күні орын алған жағдай туралы ашық айтып берген.

Продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевтың алдын ала сот тыңдалымы 14 қыркүйек күні сағат 14:00-де өтпек.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close