ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Актер Жан Ізбасаров жары мен мүгедек баласын тастап кетті

Танымал актер Жан Ізбасаров жары мен мүгедек баласын тастап кетті!

Бұл туралы КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

Экс-әйелі Назгүл Ізбасарова тағдыр тезіне түскен оларға тасжүрек әке көмек қолын созудан түбегейлі бас тартып отырғанын алға тартады. Соңғы үш жылдың ішінде ауру баланы көруге Жан құлық танытпаған. Қазір төрт жастағы Арланды актердің бұрынғы енесі бағып жатыр. Өйткені, Назгүлдің нәпәқа табу үшін жұмысқа шығуына тура келді. Бірақ, қымбат дәрі мен емге қаржы қат. Жанмен жүздесіп, бетпе-бет кездесуге қанша талпынғанмен, актер бұрынғы отбасын көрмек түгілі, естігісі келмейтін көрінеді.

«Мен оған бәрін бердім. Үй бердім, киіндірдім. Осы уақытқа дейін киіміне қамтамасыз еттім. Балаға да витамин, жеміс-жидек барлығын бердім. Менің ешқандай кінәм жоқ», — деп жауап берді Жан Ізбасаров.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close