ЖаңалықтарӘнші

Арман мен Ашаның ажырасқаны рас па?

ФОТО: DailyNews.kz

Шоу-бизнестегі ең жарасымды жұптардың бірі саналатын Арман мен Ашаның ара-қатынасына сызат түскен сыңайлы. Қос өнер иесінің парақшасын жіті бақылаған жұрт осылай деп дабыл қақты, деп жазады Stan.kz.

Арман мен Аша біраз уақыттан бері бірге түскен суреттерін желіге жүктеуді қойған. Оның үстіне, ерлі-зайыптылар Instagram-да бір-бірін оқымайтын болған. Мұны байқаған желі қолданушылары Арманға да, Ашаға да сансыз сауалдар жолдауда. 

8 наурыз күні Арман анасы мен әпкесін желі арқылы құттықтап, жұбайы мен қызын назардан тыс қалдырғаны үшін оқырмандардан сөз естіп те үлгерді. 

«Қызыңның анасы емес пе? Ашаны неге құттықтамадың?» «Арман, Аша қайда?» — оқырмандардың Қоңырбаевқа жолдаған сансыз сауалдар легі осындай. 

Елді алаңдатқан бұл істің ақиқатын жұлдызды жұптың өзі айтар деп үміттенеміз.  

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close