Басты жаңалықтар

«Құтырған екенсіңдер, какой-то 5 мин әнге сонша ақша алып» Қыз ұзататын әншілер еңбекақысы жұрттың жағасын ұстатты

Қыз ұзатуды сәнге айналдырған шоу-бизнес өкілдері бұл қызметі үшін қомақты ақша талап ететін болып шықты. Өнер иелерінің арасында ең арзан бағаға қыз ұзататыны — Ақбота Керімбекова деп жазады «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана келінді болған Керімбекова қыз ұзату үшін 370 мың теңге қаламақы сұрайды. Әзірге өнер әлемінде қыз ұзатқаны үшін ең аз гонорар талап ететін әнші — Ақбота Керімбекова болып тұр.

Алматыдан Астанаға қоныс аударған Индира Расылханның бір қызды ұзатып салуы — 450 мың теңге тұрады.

Ал Салтанат Бақаева мен Сиви Махмуди қыз ұзату құнын бірдей қылып белгілеген.

«Айта берсіннің» мәліметіне сүйенсек, Салтанат Бақаева бір айда онға жуық қызды құтты орнына қондырады.

Яғни жоғарыдаға өнер иелерінің қаламақысы — 750 мың теңге.

Сиви Махмуди қыздарды көпшіліктің көңіліне қарап ұзататынын жеткізді.

«Жалпы мен адамның көңіліне қараймын. Көбісі «Сіздің жолыңызды берсін. Сіз сияқты бақытты болсын» деп ырымдап жатады. Сондықтан мен «Жоқ» дей алмаймын. Қолдан келгенше баруға тырысамын», — дейді Сиви Махмуди.

Тамара Асардың қыз ұзату құны — 1 млн 200 мың теңге. Әнші қыз ұзатуға арналған әндердің репертуарында өте көп екенін де айта кетті.

Қыз ұзату» тойына арналған әндер өте көп. Ең алғашқы әнді өзім шығардым. «Көзімнің ақ пен қарасы», «Алақаннан ұшқан аққуым», «Ақ баян» секілді әндерім бар. Өзімнің ұзатылуымда «Ақ баянды» қосып қойғанбыз», — деген әнші қыздарды жиі ұзатып тұратынын айтты.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close