ЖаңалықтарӘнші

Қайрат Нұртас Айдана Меденовамен бірге ме?

Туған күнінде тыңдармандарға тарту жасаудан жалықпайтын Қайрат Нұртас 30 жасында жанкүйерлеріне тағы да тосынсый дайындапты.

Иә, «Жұлдыздар әлемі» порталының тұрақты оқырмандарының бірі болсаңыз, бірер уақыт бұрын біз жариялаған «Қайрат Нұртас туралы 10 дерек» мақаласын оқыған боларсыз. Ол жерде біз әншінің әр туған күнінде жеке кеш, атаулы оқиғалар мен жаңа қырларын жария ететін үрдісі бар екенін таныстырып өткен едік.

Міне, сол үрдіс биылғы жылы да үзілмей, 30 жас мерейтойында Қайрат Нұртас тыңдармандарына су жаңа «Біз бақытты жандармыз» атты бейнебаянын тарту етті. Қызық, әнші туған күнге сый алғаннан көрі, сыйлағанды жақсы көретін секілді. Оған алдыңғы мақала дәлел.

Әнші Қайрат Айдана Меденовамен бірге, бірақ клипте ғана. Қазақ эстрада әнші қыздарымен жұптасып ән салғанды ұнататын жұлдыздың кезекті таңдауы Айданаға түсіпті. Бейнебаян желісі бойынша қарым-қатынас қиындықтарынан екіге айырлған ғашық жандар бір-біріне деген сағыныш арпалысын сезінуде.

Бір қызығы, бұл клипте Қайрат – суретші және мүсінші. Соңғы кездері, сезімді бейнелеумен көрсету сәнге айналған ба? Жүрегі ақ Айқын да осы жолмен жары, екінші жары, Жұлдызға жүрегін арнаған еді. Әрине, суретші ретінде — клипте, әнші ретінде — өмірде.

Нұртастың ұлының клипіне қайта оралсақ, оқиға желісі шорт үзілгендей. Бәлкім Төреғали мен Мөлдірдің бейнебаяндарындай бұл клип те екі бөлімнен тұратын болар? Кім білсін… Әліптің артын бағалық.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close