ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Гаухар Әлімбекова: Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?

Алаяқтық бабы бойынша үстінен із қозғалған Гаухар Әлімбекова сот шешімі күшінге енгенге дейін қолхатпен босатылған еді. Алайда, Әлімбекованың үстінен арыз жазған әйел оның бостандыққа шыққанына наразы екен. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды «Жұлдыздар әлемі» порталы.

«Міне, өмір деген ақ пен қарадан тұратыны секілді, жүрегім езіліп, көзімнің ащы жасы басылмай, жаным жабырқап, осы жағдайдан соң біраз есеңгіреп қалған едім. Бірақ, жығылғанға жұдырық болып, сансыратып кек алсам деп, содан ләззат алатын Б әпке біріншіден Алла, екіншіден, xалықтың дұғасы мен маxаббатының арқасында тар қапастан босатқандағы қуанышымызды су сепкендей басып, «неге ерте шықты» деп арызданғанда, мұндай сезімге ерік беріп, басқаның қуанышын, ырыс-бағын көтере алмайтын адамға не айтуға болатынын білмей, үндемей қоя салған едім.

Кейінгі мәселе: менің басыма осындай қиын жағдай түскенде, қолдауларын білдіріп, жанымнан табылған Ақботаның қуанышына ортақтасып, xалықтың алдына шығып, барғаным үшін де кінәлі болып, «тойға барды» деп, тағы да арызданғаны ақылға сыймайды. Бұл өмір не болып бара жатыр?! Мен шынымен де, бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?! Менің де халықпен сағынысып, қауышуға хақым бар шығар?! Қалай десек те, халық – көреген. Халық – дана. Халық ақ пен қараны жақсы ажырата біледі. Бұл жағынан қателеспейді. Айып етпеңіздер, сіздермен бөліссем ғана жеңілдеймін», — дейді әнші Гауһар Әлімбекова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Сіз тарбиелі адамсяз.Сіз ондайға лайык емессіз.Судья болсам ана əйелді ақша алғанды кайта соттар едім

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close