ЖаңалықтарКино & Театр

«Қаллеки» театры Халықаралық фетивальде үздік атанды!

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 24-27 қазаны аралығында Талдықорған қаласында өткен «Қазақстан — Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының Халықаралық фестивалінде ҚАЛЛЕКИ театрының ұжымы «ШИЕ» комедиясымен қатысып «БАС ЖҮЛДЕГЕ» ие болды.

Еліміздің театрларымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Татарстанның үздік театрлары қатысқан фестивальде үздік деп танылған «Шие» спектаклі белгілі орыс драматургі Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасының негізінде сахналанды. Қойылымның режиссері – Якутиядан арнайы шақыртылған танымал театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері Сергей Потапов.

Дереккөз: Kaztheatre.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close