Жаңалықтар

Шахизада баласының ажырасуы жайлы: Келінімді қатты еркелетіп жібердім

ФОТО: Reactor Inform

Шахизада жанұясында болған жайсыз жағдайды, жұрттан жасыруды қаламаса керек. Әнші ұлы мен келінінің ажырасқанын алғаш рет ашып айтты. Екі жастың дәм-тұзының жараспауына не түрткі болды? Жұлдызды ене жауап береді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Шахизаданың жалғыз ұлы осыдан төрт жыл бұрын шаңырақ көтерген. Жұлдызды ене бірінші келінін қызындай көріп, күні бүгінге дейін артық сөз айтпапты. Десек те, жас жұбайлардың отбасылық одағы ұзаққа созылмады.

Шахизада, әнші:

-Балаларымның екеуінің айырылысып кеткені. Оны енді жасыратын ештеңесі жоқ. Тағдырдың жазғаны солай болар деп ойлаймын. Бірақ менің балам екі-үш күн бұрын үйленді. Қоймады, үйленуім керек. Анашым, сізді бақытты етуім керек. Қашанғы сіз мен үшін, немелеріңіз үшін қашанғы жылап жүресіз. Мен келін алып, сізді бақытты етуім керек деп қоймай қойды.

Иә, алғашқы әйелімен тіл табыса алмаған Олжас, көп ұзамай екінші мәрте отбасын құрған. Таяуда ғана ақ босаған аттаған жас келін, Шахизаданың көңілінен шыққан секілді.

Шахизада, әнші:

Екінші келінім қазіргі кезеңде жас болғандықтан, көп нәрсені үйрену керек. Әлі жас. «Анашым, мама» — деп, тұр жаны қалмай. Енді біраз нәрсеге өзім үйрететін шығармын деп ойлаймын.

Дәм-тұзы жараспаған экс-жұбайлардың мәселесіне – жігіттің анасы мен бұрынғы құда-құдағилардың қатысы жоқ. Ал, жұлдызды енеге экс-келінінің айтқан соңғы сөзі мынадай болыпты.

Шахизада, әнші:

-Келінімнің өзі де айтты. «Мені қатты еркелетіп жібердіңіз деп. Еркелетсем мен жақсы көргеннен еркелеттім», — деп.

Бүгінде «Аузы күйген үрлеп ішедінің» күйін кешкен әнші, бұдан былай келінді тәрбиелеудегі тәсілін өзгертпекке бекінген.

Шахизада, әнші:

-Бірінші кездегі қателікті қазір енді жасамаймын. Қазір келінді, келіндей жұмсайын деп отырмын. Келін өзінің келін екенін білу керек. Енесі бар екенін білу керек.

Әншінің ұлы Олжастың алғашқы некесінен Кәусар атты қызы мен Әлиқожа есімді ұлы бар. Бүгінде әже мен немерелердің қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

  1. Ия келін мен ененің арасында ара өашықтық болу керек келін келін нкенін ұмытпау керек қызындай бола алмайды себебі олар өз анасындай жақсы көрмейді себебі сол

  2. ия,расында келинди еркплетуге болмайды екен, менде биринши келинимди торге отыргызып щай куйып беретинмин, сол аппак ак ниетимди аттап кетти гой,бесигинде тарбие кормегендер гой…..закн

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close