ЖаңалықтарКино & Театр

Универсиада күндері Алматыда үздік отандық фильмдер тегін көрсетіледі

Фото: Baistars.kz

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада кезінде алматылықтар мен қала қонақтары назарына Универсиаданың атлетикалық қалашығына жақын орналасқан Дәстүрлі өнер театры кинозалында Ұлттық киноөнер қорындағы үздік фильмдердің кинобағдарламасы ұсынылады деп хабарлайды Nur.kz

Кинокөрсетілім 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында күн сайын сағат 15-00-де өтеді. Бағдарламада «Балалық шағымның аспаны»«Қазақ Хандығы. Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Біржан сал», «Құнанбай», «Қыз-Жібек», «Жерұйық», «Елбасы жолы», «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдері бар.

Кинокөрсетілімдер ағылшын тіліндегі субтитрлармен жүреді. Көрсетілім орны: Алматы қаласы, Алғабас 1 ықшамауданы, 6 үй.

Байланыс тел: 3-98-62-44

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close