ЖаңалықтаржоғарыӘнші

«Мейрамбектен күтпеп едім»: Отандық журналист Мейрамбек Бесбаевтан көңілі қалғанын айтты

Отандық журналист Ғалымжан Сәңкібаев өзінің Instagram-дағы парақшасында «Жұлдызды жекпе-жек» жобасының әділетсіз өтіп жатқанын айтты.

Журналист Мейрамбек Бесбаевқа деген өкпесін де жасырып қалмады.

«Қазақта “Айтпаса сөздің атасы өледі” – деген сөз бар. Сондықтан, кеше “Жұлдызды жекпе-жек” жобасында Бауыржан Ретбаевқа әділетсіздікке ашынып, ашуланып отырғандықтан осы постты жазып отырмын.
Ерген Айтымбетов бұл жобаға қатысып, “Екі жирен” халық әнін қалай орындады, “Алашұлы” тобының әнін тіпті ерекше орындаған еді. Мен Ергенді финалда көрем деп ойладым. Бірақ қазылар алқасы, оның ішінде Бесбаев мырза Мақсат Рахметті өткізді.
Мен Мақсатты өте жақсы танимын, білемін. Талай олармен бірге концерттерде, түсірілімдерде болдым. Бұл әділетсіздікке ол кісінің қатысы жоқ дегенге сенгім келеді.
Ал Бауыржан байқаудың екі санында да өте керемет өнер көрсетті. Ал үшіншісінде, Мақсатпен шыққан кезде. Режиссер ханым аяқтың ұшымен билеп тұрған бишілерді, камера секіріп тұр деп тоқтатты. Одан кейін, Бауыржанды бірнеше рет тоқтатты.
Бишілер анау мынау емес, еліміздегі ең үздік “Жорға” би тобы.
Сөздің қысқасы, финалға Мақсат Рахмет пен Динара Сұлтан өтті. Фирмач есть фирмач. Динара ханымға жеңіс тілеймін.
Бірақ мұндай әділетсіздікті Мейрамбектен де, Гүлнұр Мамасариповадан да күтпеген едім.
Мен үшін Димаш Құдайбергеновтен кейін ең дарынды әрі талантты әнші ол – Бауыржан Ретбаев.
Бауыржанның жанкүйері ретінде, қолдаушысы ретінде айтарым енді қазақстандық байқауларға қатыспай ақ қойшы. Сен өзіңді дәлелдеген әншісің. Сен дарынсың, талантсың, бастысы кәсіби әншісің.
Біз сені Димаш секілді шетелдік байқаулардан көргіміз келеді. Өз таланттарымызды мойындамай, шетелді мойындатқаннан кейін бармағымызды тістеп қалатын сондай халықпыз енді». — деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақта “Айтпаса сөздің атасы өледі” – деген сөз бар. Сондықтан, кеше “Жұлдызды жекпе-жек” жобасында Бауыржан Ретбаевқа әділетсіздікке ашынып, ашуланып отырғандықтан осы постты жазып отырмын. ⠀ Ерген Айтымбетов бұл жобаға қатысып, “Екі жирен” халық әнін қалай орындады, “Алашұлы” тобының әнін тіпті ерекше орындаған еді. Мен Ергенді финалда көрем деп ойладым. Бірақ қазылар алқасы, оның ішінде Бесбаев мырза Мақсат Рахметті өткізді. Мен Мақсатты өте жақсы танимын, білемін. Талай олармен бірге концерттерде, түсірілімдерде болдым. Бұл әділетсіздікке ол кісінің қатысы жоқ дегенге сенгім келеді. ⠀ Ал Бауыржан байқаудың екі санында да өте керемет өнер көрсетті. Ал үшіншісінде, Мақсатпен шыққан кезде. Режиссер ханым аяқтың ұшымен билеп тұрған бишілерді, камера секіріп тұр деп тоқтатты. Одан кейін, Бауыржанды бірнеше рет тоқтатты. Бишілер анау мынау емес, еліміздегі ең үздік “Жорға” би тобы. ⠀ Сөздің қысқасы, финалға Мақсат Рахмет пен Динара Сұлтан өтті. Фирмач есть фирмач. Динара ханымға жеңіс тілеймін. ⠀ Бірақ мұндай әділетсіздікті Мейрамбектен де, Гүлнұр Мамасариповадан да күтпеген едім. ⠀ Мен үшін Димаш Құдайбергеновтен кейін ең дарынды әрі талантты әнші ол – Бауыржан Ретбаев. ⠀ Бауыржанның жанкүйері ретінде, қолдаушысы ретінде айтарым енді қазақстандық байқауларға қатыспай ақ қойшы. Сен өзіңді дәлелдеген әншісің. Сен дарынсың, талантсың, бастысы кәсіби әншісің. ⠀ Біз сені Димаш секілді шетелдік байқаулардан көргіміз келеді. Өз таланттарымызды мойындамай, шетелді мойындатқаннан кейін бармағымызды тістеп қалатын сондай халықпыз енді. ⠀ Айтпақшы, былтыр да шетелдене әрдайым жеңіспен оралатын @amre_official бауырымда осындай әділетсіздікке ұшыраған еді. ⠀ @bauyrzhan_retbayev @zhaziraretbay #Жұлдыздыжекпежек

Публикация от Galymzhan Sankibaev (@sankibaev95)

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close