Басты жаңалықтарМузыка

«Alar» тобы халық алғысын ала алмады

12 ақпан күні жастардың сүйікті тобына айналған «Alar» жаңа бейнебаянымен бөліскен болатын. «Осындаймын» әніне түсірілген бейнеклип екі жүз мыңнан астам қаралым жиналса да, пікір білдірушілер әнге емес, түсірілімге сын тағуда.

Дубай көшелерін аралаған жастар образы әдеттегідей еркін, ән ырғақты. Бірақ талғампаз халықты қазір шет елмен де, сәнді киіммен де, тіпті харизмамен де таң қалдыра алмайсың. Қанша талаптанса да, көрермендер сюжетсіз, хореографиясыз клиптен шаршағандарын жеткізуде. Кейбір қолданушылар продюсерлерге қолқа салып, топ стилінің өзгергенін қалайтындарын алға тартады. Ән жарыққа шыққан күні-ақ плагиаттан сезіктенетін тыңдармандар оны да сарапқа салып үлгерді. Жанкүйерлер арасын да жаңа әнді  Demair-дың Leyla әніне ұқсатушылар да табылды. Алайда, көпшілік пікірі екіге жарылып, көбісі топтың қадамын қош көріп, әсіресе, топтың жалғыз аруы  Ақниеттің орындауын  жоғары деп бағалап отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close