ЖаңалықтаржоғарыЭксклюзив

Ақындар үйден шықпай айтысады

Атышулы ақын Ринат Зайытов айтыссүйер қауымды желіде де қуантпақ. Ақын бастамасымен You Tube желісінде Аitys Online   ұлттық жобасы жарыққа шықты.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Жоба ерекшелігі,  оған тек кәсәби айтыскерлер ғана емес, талантты жастар да қатыса алады. 14 кезеңнен тұратын айтыстың алғашқы шығарылымдары  жарияланып та үлгерді. Алғашқы сөз додасы Ринат Заитов пен Шұғаев Сезімхан  арасында өрбісе, келесі жолғы айтыс Нартай Тлеуқұл мен Нұрзат қарудың еншісіне бұйырды. Желідегі айтыс, бір жағынан жастар аудиториясын қамтыса, бір жағынан арналар цензурасынан құтқаратынын ақындар ескерсе керек.  Айтылар сөзге кедергі болмас үшін жасалған жобаның жеңімпазын да халық анықтайды. Кеңседе отырып-ақ айтысатыны болмаса,  қатысушылар алдын-ала дайындала алмайды. Жобаның хедлайнері Ринат Заитов қосымша шығарылымдарда қатысушылардың сөз саптауын сарапшылармен бағаламақ. Жаңа форматтағы айтысқа көпшілік риза деуге де болады.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close