Басты жаңалықтаржоғарыКино & Театр

Қазақтың «Келінжаны» трендке айналды

Қазақ киносының қарқыны жыл санап артып келеді дегенге келіспеске болмайды. Мамыражай ауыл тірлігінің көріністерін киноға арқау қылып алған «Келінжан» телехикаясы шынайылығымен көрермен көзайымына айналып үлгерді.

Отбасы, туыстық қарым-қатынас, сыйластық ұғымдарын насихаттауды қарапайым адамдар мысалымен берген төлтуынды Youtube желісіндегі трендтер көшін бастап тұр. 25 бөлімнен тұратын сериалдың алғашқы бөлімі жүктелгеннен бастап, қаралым саны артпаса кеміген жоқ. Туындының бас режиссері — Ернар Нұрғалиев болса, сценаристі Бекзат Мырзахмет бірлесіп халықтың барын өзіне ұсынды.

Бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова өз қызын ауыл өміріне баулуды көздеген сыңайлы. Себебі, жас әнші Сара Амангелді киноның басты кейіпкері Келінжанды сомдап шықты. Жас келін Асылым ерке өскен, бұған дейін үй шаруасымен айналысып көрмеген. Ақ босағаны аттаған ол енесінің және екі абысынының көңілінен шығу қиынға соғатынын түсінеді.

Қаланың ерке қызы ауыл тіршілігіне көндіге алды ма? Бұл тақырып халықты қызықтырғаны соншалықты, отандық сериалдың барлық бөлімі жарияланып, тренд төрінен бір-ақ шықты.


Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close